Алғашқы қоңырау мерекелік салтанатты жиыны » Ш.Байбатшаев атындағы орта мектеп
Жетісу облысы білім басқармасының
Панфилов ауданы бойынша білім бөлімінің
"Ш.Байбатшаев атындағы орта мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72774) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72774) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Алғашқы қоңырау мерекелік салтанатты жиыны
01
сентябрь
2023

Алғашқы қоңырау мерекелік салтанатты жиыны

Жетісу облысы, Панфилов ауданы, Аққұдық ауылы Ш.Байбатшаев атындағы орта мектебінде 2023-2024 оқу жылының басталуына орай алғашқы қоңырау мерекелік салтанатты жиыны өтті. Алғашқы қоңырау мерекесі 1-сынып бүлдіршіндері мен 11-сынып оқушыларын салтанатты түрде ортаға шақырумен басталды. Мерекелік іс-шараны мектеп директоры Асанов Сәулет Мырзаханұлы мектеп табалдырығын аттап отырған бүлдіршіндерді, оқушылар мен ата-аналарды құттықтау сөзімен бастады. Сәулет Мырзаханұлы өз сөзінде қазіргі таңда жас ұрпаққа сапалы білім, саналы тәрбие беру - ұстаздар алдындағы үлкен міндет екенін атап көрсете отырып, биылғы оқу жылының ерекше екендігін айтты. Мектептің жеткен жетістіктері мен табыстары, атқарылған жұмыстары туралы қысқаша баяндап, жоғары нәтижеге жетуіне қолдау білдірген барша ата-аналар мен ұстаздарға алғыс айтты. Салтанатты жиынға Панфилов аудандық маслихат аппарат басшысы Қалиев Айдос Абілқайырұлы қатысып, мектеп табалдырығын аттаған бүлдіршендерді құттықтады. Салтанатты жиынға қонақ болып келіп, сөз кезегі келгенде барша ұстаздар мен ата-аналарды, мектеп оқушыларын жаңа оқу жылымен құттықтап, толағай табыстарға жете берулеріне тілектестік білдірді. Салтанатты жиыннан соң 1-11 сынып оқушыларымен бірыңғай сынып сағаттары өткізілді. Білім алушылардың бойында жалпы адамзаттық және ұлттық құндылықтарды қалыптастыруда келесі тақырыптар бойынша сынып сағаттары өткізілді.
1-4 сынып “Мектебім -мейірім мекені”
5-7 сынып “Білімге ұмтылу, еңбексүйгіштік және отаншылдық”
8-11 сынып “ Әділетті Қазақстан: Адал ұрпақ, сапалы білім, табысты ұлт” 
Осылайша Алғашқы қоңырау жиыны жоғары деңгейде өтіп, жиналған қауымның қошеметіне бөленді.