Кәмелетке толмағандар арасында құқық бұзушылықтар профилактикасы бойынша 2020-2022 жылдарға арналған кешенді жоспарының жүргізілген жұмыстардың есебі » Ш.Байбатшаев атындағы орта мектеп
Жетісу облысы білім басқармасының
Панфилов ауданы бойынша білім бөлімінің
"Ш.Байбатшаев атындағы орта мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72774) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72774) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » Кәмелетке толмағандар арасында құқық бұзушылықтар профилактикасы бойынша 2020-2022 жылдарға арналған кешенді жоспарының жүргізілген жұмыстардың есебі
15
февраль
2023

Кәмелетке толмағандар арасында құқық бұзушылықтар профилактикасы бойынша 2020-2022 жылдарға арналған кешенді жоспарының жүргізілген жұмыстардың есебі

«Ш.Байбатшаев атындағы орта мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі


1-тармақ. Мектепте кәмелетке толмағандар арасында құқық бұзушылық профилактикасының 2020-2022 жылдарға арналған кешенді жоспары бойынша мектепішілік жоспар жасалынып жұмыстар атқарылды.«Құқық бұзушылықтың алдын алу» кеңесінің жұмысы ұйымдастырылған.Құқықтық профилактика кеңес мүшелері 7 адамнан құралған,бұйрықпен бекітілген. Жоспар бойынша кәмелетке толмағандардың құқық бұзушылықты алдын-алу бойынша әр айдың үшінші аптасының жұма күні құқықтық оқуды насихаттау 1-4 сынып,5-8 сынып, 9-11 сынып,ата-аналар үшін, мұғалімдерге құқықтық оқу ұйымдастырылған..

2 тармақ. Мектеп  сайтында   «Ата-ана үшін», «Қауырт желілер телефондары» бойынша жұмыстар атқарылуда. Ата-аналардың құқықтық сауаттылығын арттыру мақсатында жоспар құрылып, осы күнге дейін ақпараттық насихаттау жұмыстары  жүргізіліп отыр.

3-тармақ Мектептерде өзін-өзі басқару ұйымының жұмысы ұйымдастырылған.  «Жас Ұлан» оқушылар ұйымымен  бірігіп жұмыс жүргізеді.  «Ұшқыр ой алаңы» жобасы бойынша  мектепте   дебат клубы  құрылған. Осы клуб мүшелері   аз қамтылған отбасы балалары және  девиантты  мінез-құлықты оқушылармен  мектепішілік тәртіптің сақталуын, олардың қоғамдық жұмыстарға қамтылуына ықпалы етеді. Сонымен қатар, оқушылардың мектеп формасын, тазалығына мән беріп ескертулер жасалып, кезекші сыныптармен бірге оқушыларының сабаққа уақытылы келуін   қадағаланды. 

Дебаттық клуб мүшелерімен"Тілі жоғалған жұрттың,өзі де жоғалады", "Қоғамдағы зорлық - зомбылыққа байланысты өзекті мәселелерді талқылау» "ИНТЕРНЕТ КІТАПТЫ АЛМАСТЫРА АЛА МА?"тақырыптарында пікір сайыс өткізілді. Осы клуб мүшелері   аз қамтылған отбасы балалары және  девиантты   мінез-құлықты оқушылармен   мектепішілік тәртіптің сақталуын, олардың қоғамдық жұмыстарға қамтылуына ықпал етеді. Сонымен қатар, оқушылардың мектеп формасын, тазалығына мән беріп ескертулер жасалып, кезекші сыныптармен бірге оқушыларының сабаққа уақытылы келуін  қадағалайды.  

4-тармақ.  Кәмелетке толмағандар  арасында құқық бұзушылықтың алдын-алу мақсатында жасөспірімдер арасындағы күш көрсету,қорқыту,бопсалаушылық фактілер анықтау үшін құпия сауалнама              7-11 сынып оқушыларынан алынып,қорытындысы шығарылды. Мектеп психологы Н.Мухаева девиантты мінез-құлықты оқушылармен жоспарға сай   бес бағыт (Диагностика, түзету және дамыту, кеңес беру ) бойынша жұмыстар жүргізді. 

5-тармақ. Мектепте мектепішілік,аудандық есепте тұратын оқушы жоқ.Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Б.Нүптекеева,мектеп психологы Н.Мухаева 11сынып оқушыларына «Буллинг түрлері,себептері,алдын-алу»мұғалімдер үшін, «Буллинг белгілері,не істеу керек?» ата-аналар үшін, «Буллинг қалай қорғануға болады?» оқушылар үшін жадынамамен таныстырып,түсінік жұмыстары жүргізілді.

6-тармақ. Мектеп оқушылары арасында әлімжетік пен бопсалаудың алдын алу, құқықбұзушылықты  болдырмау,   бойынша ата-аналар чаттарына «Бала қауіпсіздігі» жаднамалары салынды. 

7 тармақ. Мектепте тоқсан сайын жалпы ата-аналар жиналысы өз уақытында өтіледі. 

Қазан айында аудандық білім бөлімінің әдіскері Д.Р. Сайрамбекова «Бала тәрбиесі баршаға ортақ -іс»  тақырыбында ата-аналардың қатысуымен жалпы ата-аналар  жиналыс өткізілді.5-8 сыныптың жетекшілері «Ата-ана мектеп оқушы үштігінің қарым- қатынасын қалай нығайтуға болады?»тақырыбында сауалнама алды.Сонымен қатар құқық пәнінің мұғалімі Қ.Баймолдаев атаналар арасында « Құқықтық білімді отбасынан бастаған жөн» тақырыбында баяндама оқыды.  Құқық бұзушылық пен қылмыстың алдын алу» мәселелері  бойынша  жұмыстар   және   балалардың қауіпсіздігі, әлеуметтік жағдайына  байланысты мәселелер күнделікті бақылауда. 

8 тармақ. Қылмыс пен  құқықбұзушылықтың алдын алу, қоғамдағы негізгі құндылықтарды ерте жастан түсіндіру   бойынша мектеп оқушыларына  құқық қорғау  органдарының өкілдерімен «Бала құқығы-адам құқығы» онкүндік аясында Панфилов аудандық полиция бөлімінің ювеналды тобының полиция аға лейтенанты   Козбеков Едил Курмангазиевич 5-11 сынып оқушыларымен   құқық   бұзушылықтың  алдын алу бойынша  кәмелетке толмағандардың арасындағы құқық бұзушылық,  дәріс беріп түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Қазіргі уақытта жасөспірімдер арасындағы қылмыстың көбейіп бара жатқандығын ,атап айтқанда, ұрлық жасау, бопсалау, күш көрсету түрлі қылмыстық әрекеттерге бару, туралы хабарлама жасады.Қылмыстық іс-әрекеттерге барған оқушылар заң алдында жауапкершілікке тартылатындығын,   өтеу жазасын алатындығын қатаң айтты.    Балалар мен жасөспірімдердің түнгі уақытта ойын-сауық кештерінде, тұрғын жайдан тыс жерлерде заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз болуына жол бермеу керектігін ескертті.                                                                            «Құқық бұзушылықты алдын-алу – басты міндет» тақырыпта мектепте онкүндік өткізілді. Өткізілу  туралы   әдістемелер беріліп, ата-аналар жиналыстарына  білім бөлімінен де қатысып өткізілді.

9 тармақ. Білім беру   ұйымдарында кәмелетке толмағандар арасында құқық бұзушылық пен қылмыстың алдын алу және ата-аналардың жауапкершіліктерін арттыруға бағытталған ақпараттық жарнамалар тақталарын орналастыру және  жаднамалар дайындау, тарату барысы 

   Тоқсан сайын әрбір сыныпта ата-аналар жиналыстары өткізіліп, жауапкершіліктерін арттыруға бағытталған «Өмірімнің бақытты сәттері» тренинг-жаттығуы өткізілді. 

10-тармақ. Қадағалаусыз және   қараусыз қалған  балаларды анықтау бойынша  тұрақты түрде үнемі «Жедел жастар» тобының рейдтік шаралар  жүргізілді,әлеуметтік желіге жарияланады.

11-тармақ. Интернет сайттарында келеңсіз жағдайларды насихаттайтын (құқықбұзушылық, суицид, балалалар порнографиясы, діни ағымдағы, құмар ойындар)топтарға кіретін балалар мен жасөспірімдерді анықтау мақсатында жүйелі түрде балалармен алдын-алу жұмыстарын  мектеп психологы Н.Мухаева ,информатика пәнінің мұғалімі Т.Алимжанов және сынып жетекшілер анықтап,мониторинг жасайды.

     Оқушылардың психологиясына кері әсері тигізетін сайттарға    оқушылардың  кіру  жиілігі ай сайын  тексеріліп бақылау жүргізіледі. Оқушымен жеке профилактикалық әңгіме жүргізіліп, бөгде адамдармен байланыстың қауіп-қатерлігі туралы түсіндірме жұмыстары жүргізілді.

12 тармақ. Мектепте «Діни экстремизм идеяларының таралуын болдырмау және алдын-алу» бағдарламасын жүзеге асыруға байланысты атқарылатын тәрбиелік іс-шаралар жоспары бойынша «Діни экстремизм деген не?» тақырыбында баяндама оқылды.9-11 сынып оқушыларымен «Діни ағымдардың жастар психологиясына әсері» тақырыбында пікір алмасу өткізілді. «Ислам діні-ақиқат дін», «Діни экстремизм және терроризмге қарсы іс қимылдың өзекті мәселелері» тақырыптарында сынып сағаттар өткізілді. Қазіргі таңдағы діни ағымдар бойынша көптеген деректер мен мысалдар айтылды.Экстремизм терроризм    туралы терең түсінік    бере отырып  жасөспірімге қоғамның әлеуметтік, құқықтық, лаңкестік және діни экстремистік бағытта арандауға жол бермеу ,бейбітшіліктің маңызын және мейірімділік пен ізгіліктің адамдарға жақсылық жасай білудің өмірдегі басты ұстанымы екенін ұғындырды.                                                                               «Дін тану және зайырлылық» пәнінің өтілу сапасы тексеріліп отырылады..  Ай сайын  сынып сағаттары,дөңгелек үстелдер , әңгіме,кездесу   жоспарлы түрде  жүргізіліп отыр.Жұма күндері мешітке рейд жүргізілді.Жұма намазға барған оқушы жоқ.

13 тармақ.  «Жас сарбаз» патриоттық әскери клубы құрылып, құрамы бұйрықпен бекітіліп, жылдық жоспарлары жасалынды. Оқушылармен «Жолда жүру ережелері», «Жол тәртібін білейік!» тақырыптарында сынып жетекшілер сынып сағаттар өткізді. 

14 тармақ. Жазғы демалыс кезеңінде кәмелетке толмағандардың, оның ішінде полиция бөлімінің есебінде тұрған кәмелетке толмағандардың бос уақытын және   жұмысқа  орналастыруын қамтамасыз ету (балалар жасақтар, лагерьлер құру, жасөспірімдерді жұмысқа  орналастыру т.б.)  мақсатында   қазіргі таңда жоспарлау  жүріп жатыр.  

15 тармақ. Тұрғын массивтерінде аула клубтарын құру  және  олардың жұмыстар  үйлестіру барысы  аудан аумағында  аула клубтары   жоқ. 

16 тармақ. Мектепте Азаматтық қорғаныс және төтенше жағдайлар штабы құрылып, бұйрықпен жауапты адамдар бекітілді.жыл басында «Жас құтқарушы» ақысыз үйірмесіне бұйрық шығарылды, топ жетекшісі АӘД пәнінің мұғалімі Ж.Оспанов бекітілді. «Жас құтқарушы» ақысыз үйірме мүшелері өз уақытында іс-шараларды өткізіп тұрады. Топ жетекшісі АӘД пәнінің мұғалімі Ж.Оспановтың  ұйымдастыруымен «Террористік шабуыл кезінде білім алушылардың іс-әрекеттері» тақырыбында оқушыларға бейнероликтер, слайдтар көрсетіліп, түсіндіру жұмыстары жүргізілді.Стенд жасалынған.

17 тармақ. Қараша айында «Қатыгездік пен зорлық –зомбылықсыз балалық шақ» атты ақпараттық науқан барысында іс-шаралар жүргізілді. «Зорлық-зомбылықсыз әлемді қалай құруға болады» атты эссе байқауы, «Зорлық-зомбылықтың алдын-алу» тақырыбында ата-аналар жиналысы, «Жедел жастар» тобының рейдтік шаралары өткізілді.

18 тармақ. Жасөспірімдер қылмысы, қазіргі заманғы психобелсенді заттардың проблемалары, оларды тарату  ерекшеліктері, олардың заңсыз айналымдарына кәмелетке толмағандарды тарту бойынша ата-аналармен түсінік жұмыстары жүргізілді.

19 тармақ Мектепте 20 бейнебақылау  камераларымен қамтамасыз етілген.  Барлығы 20 бейнебақылау, оның 11 сыртқа   қойылған, іште бейнебақылау камерасы жұмыс жасап тұр. Дабыл нүктесі жұмыс істеп тұр.

21 тармақ.  Білім беру мекемелерінде спорт саласында жоғары нәтижеге қол жеткізген спортшылармен, қоғамда  белгілі адамдармен, ғалымдармен, ардагерлермен және  т.б. кездесулер ұйымдастыру барысында  1 кездесу  өткізілді.  

22 тармақ.  Мектепте 1 тамыз-30 қыркүйек айлары аралығында «Мектепке жол» қайырымдылық акция барысында әлеуметтік жағдайына байланысты көп балалы,аз қамтылған отбасы балаларына көмек көрсетілді.

Кәмелеттік жасқа толмағандарға қатысты жасалатын жыныстық  құқықбұзушылықтың орын алуына негізінен ата-ананың баласына тиісті деңгейде көңіл бөлмеуінен туындайтын болғандықтан ата-аналар арасындағы құқықтық оқулардың жүргізілді. 

23 тармақ. Мектепте кәмелетке толмағандармен  еріктілер (волонтер)  жұмысын ұйымдастыру жоғары  сыныптар   арасында  кәмелетке  толмағандармен «Еріктілер» ( волонтер ) топтары құрылды, ауылымыздағы жалғыз басты аналарымызға және мешіт ауласын қардан тазартты.

24 тармақ.Девианттық мінез-құлықпен мектеп есебінде  тұрған оқушы жоқ.                           

25 тармақАз қамтылған,көпбалалы отбасы балаларын салауатты өмір салтын насихаттайтын іс-шаралармен (спорт секциялары, мүдделер  бойынша  үйірмелермен) қамтуды  қамтамасыз ету барысы  туралы мектепте 3 спорттық секцияға  оқушы,   ақысыз үйірмеге 64 оқушы қамтылды 

26 тармақ. Мектепте оқушылардың зорлық-зомбылық пен қатыгездікпен қараудың қатері бар, жайсыз қиын жағдайда өмәр сүретін отбасыларды анықтап, профилактикалық бақылау рейд жүргізілді.Рейд барысында зорлық-зомбылық қатыгездікпен қарайтын отбасылар анықталмады.                           

ДТІЖО      Б.Нүптекеева