Білім алушыларды «Қазақ тілі», «Қазақ тілі мен әдебиеті» пәндерінен 5-8, 10 -сыныптарда аралық аттестаттау бойынша әдістемелік ұсыным » Ш.Байбатшаев атындағы орта мектеп
Жетісу облысы білім басқармасының
Панфилов ауданы бойынша білім бөлімінің
"Ш.Байбатшаев атындағы орта мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72774) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72774) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Білім алушыларды «Қазақ тілі», «Қазақ тілі мен әдебиеті» пәндерінен 5-8, 10 -сыныптарда аралық аттестаттау бойынша әдістемелік ұсыным
06
ноябрь
2023

Білім алушыларды «Қазақ тілі», «Қазақ тілі мен әдебиеті» пәндерінен 5-8, 10 -сыныптарда аралық аттестаттау бойынша әдістемелік ұсыным

Білім  алушыларды «Қазақ тілі», «Қазақ тілі мен әдебиеті» пәндерінен 5-8, 10 -сыныптарда аралық аттестаттау  бойынша әдістемелік ұсыным
(5, 6, 7, 8, 10-сыныптар)

Қысқаша сипаттама

Білім  алушыларды аралық аттестаттау - білім алушылардың оқу аяқталғаннан кейін бір оқу пәнінің бір бөлігінің немесе бүкіл көлемінің мазмұнын игеру сапасын бағалау мақсатында жүргізілетін рәсім. 

  1. Аралық  аттестаттау мақсаты- білім алушылардың «Қазақ тілі», «Қазақ тілі мен әдебиеті» пәндері бойынша оқу бағдарламасының көлемін меңгеру деңгейін негізгі орта білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты (бұдан әрі – МЖМББС)  талаптарына сәйкес бағалау.


2. Аралық   аттестаттаудың  міндеті: білім алушылардың білім берудің келесі деңгей  материалдарын игеру дайындығы мен функционалдық сауаттылықтарының қалыптасу деңгейлерін бағалау.
Негіздеме:
  1. Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі «Білім туралы» Заңы;
  2. «Қазақстан Республикасында тіл саясатын іске асырудың 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын бекіту туралы» ҚР Үкіметінің 2019 жылғы 31 желтоқсандағы №1045 қаулысы;
3.Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Білімді ұлт» сапалы білім беру» Ұлттық жобасын бекіту туралы 2021 жылғы 12 қазандағы № 726 Қаулысы;
  1. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2008 жылғы 18 наурыздағы № 125 бұйрығының  1-қосымшасы. 

3.   Емтиханды өткізу тілі.
Емтихан қазақ тілінде өтеді. 

  1. Үлгілік оқу бағдарламасымен байланысы
Білім алушыларды аралық  аттестаттау жаңартылған білім мазмұны бойынша негізгі орта білім беру деңгейінің 5-8, 10-сыныптарына  «Қазақ тілі», «Қазақ тілі мен әдебиеті» пәндерінің   үлгілік оқу бағдарламасының мазмұнын қамтиды. 
Білім алушылардың білімі, білігі, сондай-ақ дағдылары МЖМББС күтілетін нәтижелермен анықталады.
Қазақ тілінің мәртебесін арттыруды көздеп 5-8, 10 - сыныптарда өткізілетін  қазақ тілінде оқытатын мектептердегі  «Қазақ  тілі», қазақ тілінде оқытпайтын мектептердегі «Қазақ тілі мен әдебиеті» пәндері бойынша аралық аттестаттау - негізгі орта (5-8 сыныптар), жалпы орта (10 сынып) білім деңгейінде академиялық жылды аяқтаған кезде «Қазақ тілі» және   «Қазақ тілі мен әдебиеті»  пәндері бойынша білім алушылардың бағдарлама мазмұнын меңгеруін бағалау нысаны ретінде қарастырылады. 

  1. Емтихан мазмұны:
«Қазақ тілі» пәні бойынша:

                                         Оқу мақсаттары
5-сынып
1.5.2.5.1 мәтін мазмұнын түсінуге, нақты ақпараттарды анықтауға бағытталған сұрақтар құрастыру
5. 3.5.1 эссенің кіріспе, негізгі, қорытынды бөлімдерін сақтап, өзіне таныс оқиғаны немесе кейіпкерді сипаттап не суреттеп жазу
5.4.2.2 зат есімдердің мағыналық түрлерін мәнмәтін аясында жалғаулар арқылы түрлендіріп қолдану
6-сынып
26.2.5.1 мәтіннен негізгі және қосымша ақпаратты, көтерілген мәселені анықтауға бағытталған нақтылау сұрақтарын құрастыру
6.3.4.1 эссе тақырыбынан ауытқымай, абзац түрлерін жүйелі құрастырып, көтерілген мәселе бойынша келісу-келіспеу себептерін айқын көрсетіп жазу («келісу, келіспеу» эссесі)
6.4.5.1 қазақ тіліндегі тыныс белгілерінің түрлері мен қызметін (даралаушы) түсіну, дұрыс қолдану
7-сынып
37.2.5.1 мәтін бойынша проблемалық сұрақтар құрастыру;
7.3.4.1 эссе құрылымы мен даму желісін сақтап, тақырыпқа байланысты берілген мәселенің оңтайлы шешілу жолдары немесе себептеріне өз көзқарасын жазу (дискуссивті эссе)
7.4.5.1 сөйлем соңында және сөйлем ішінде қойылатын тыныс белгілерін (даралаушы және ерекшелеуші) дұрыс қолдану
8-сынып
48.2.5.1 оқылым стратегияларын қолдану: комментарий жасау, іріктеп оқу,  талдап оқу
8.3.4.1 эссе құрылымы мен даму желісін сақтап, мәселе бойынша ұсынылған шешімнің артықшылығы мен кемшілік тұстарын салыстыру, өз ойын дәлелдеп жазу (аргументативті эссе)
8.4.5.1 сөйлем соңында қабаттасып қойылатын тыныс белгілерін дұрыс қолдану 
10-сынып ҚГБ
510.2.6.1      белгілі   бір мақсат   үшін оқылым стратегияларын жүйелі қолдана білу   
10.3.4.1 қажетті клишелер мен лексикалық құрылымдарды қолданып, көтерілген  мәселе  бойынша     өз  ойын дәлелдеп эссе жазу (дискуссивті эссе)
10.4.1.1   мәнмәтін бойынша тілдік
бірліктерді   орфографиялық нормаға 
сай жазу

10-сынып ЖМБ
610.2.5.1 мәтіндегі негізгі ойды анықтау, көтерілген мәселеге баға беріп, мәліметтер мен пікірлерді өңдей білу
10.3.3.1 қажетті клишелер мен лексикалық құрылымдарды қолданып, көтерілген мәселе бойынша өз ойын дәлелдеп эссе жазу («келісу, келіспеу» эссесі)
10.4.1.1 мәнмәтін бойынша тілдік бірліктерді орфографиялық нормаға сай жазу

«Қазақ тілі мен әдебиеті» пәні бойынша:

                                         Оқу мақсаттары
5-сынып
1.5.2.5.1 берілген сұрақты дұрыс түсініп, лайықты жауап беру, шағын диалогке қатысу 
5.4.2.1эссе құрылымын сақтай отырып, адамды, табиғатты, белгілі бір оқиғаны сипаттап жазу 
5.5.1.1 мәтіндерден жалпы және жалқы есімдерді ажырата білу, жалғау түрлерін дұрыс жалғау
6-сынып
26.1.2.1 тыңдалған мәтіннің негізгі мазмұнын түсіну, негізгі және қосымша ақпараттарды анықтау
6.1.5.1тірек сөздер, жетекші сұрақтар, мәтін тақырыбы арқылы негізгі ойды анықтау 
6.4.2.1эссе тақырыбының желісінен шықпай, әрбір абзацты жүйелі құрастырып, қажетті мазмұнын ашып жазу 
6.4.5.1 жазба жұмыстарында сөзге қосымша жалғауда үндестік заңын ескеріп, орфографиялық нормаға сай дұрыс жазу; сөйлем соңында қойылатын тыныс белгілерді орынды қолдану
7-сынып
37.3.6.1 тақырып бойынша деректер қолдана отырып мәтінде көтерілген мәселеге өз ойын дәлелдеп жеткізу;
7.4.2.1эссе құрылымы мен дамуын сақтап, көтерілген мәселе бойынша келісу-келіспеу себептерін айқын көрсетіп жазу; 
7.1.3.1 әлеуметтік - мәдени тақырыптарға байланысты қажетті сөздер мен сөз тіркестерінің мағынасын түсіну
8-сынып
48.2.1.1 тұрақты тіркестер мен көркемдегіш құралдарды қолданып, ауызша мәтіндер құрау;
8.4.2.1эссе құрылымы мен дамуын сақтап, тақырыпқа байланысты берілген мәселенің оңтайлы шешілу жолдарын ұсыну; 
8.4.5.1 тақырып бойынша сөздердің маңызды бөліктерін дұрыс жазу (жеке сөздер, бірге, бөлек және дефис арқылы жазылатын сөздер); сөйлем ішінде қойылатын тыныс белгілерді орынды қолдану
10-сынып ҚГБ, ЖМБ
510.3.1.1  мәтіндегі негізгі және қосымша ақпараттарды анықтай отырып, факті мен көзқарасты ажырату, мәтін идеясымен байланысын анықтау 
10.4.2.1  қажетті клишелер мен лексикалық құрылымдарды қолданып,  көтерілген мәселе бойынша өз ойын дәлелдеп эссе жазу («келісу, келіспеу» эссесі, дискуссивті эссе, аргументативті эссе)
10.4.6.1 мәнмәтін бойынша тілдік бірліктерді орфографиялық нормаға сай жазу, сөйлем деңгейінде тыныс белгілерін қолдана білу


6. Аралық аттестаттау тапсырмасы мазмұнының сипаттамасы
«Қазақ тілі», «Қазақ тілі мен әдебиеті»  пәндері бойынша білім алушының оқу үлгерімін тексеруге берілген  эссе тақырыптарының жалпы саны – 30. 
Сөз саны кесте бойынша көрсетілген.
р/сСыныбыСөз саны (Қазақ тілі)Сөз саны (Қазақ тілі мен әдебиеті)
15100-11080-90
26110-12090-100
37120-130100-110
48130-140110-120
510 (ҚГБ, ЖМБ)140-150120-130

«Қазақ тілі», «Қазақ тілі мен әдебиеті» пәндерінен эссе жазуда тапсырмалардың мазмұны ақпаратты түсіну, мәтіннің құрылымы мен негізгі ойын түсіну, мәтіннің стильдік ерекшелігін тану, проблемалық сұрақтар құрастыру, түрлі дереккөздерден ақпарат ала білу, мәтіндерге салыстырмалы анализ жасау, түсіну және жауап беру, анализ және интерпретация, орфографиялық, орфоэпиялық, пунктуациялық нормаларға құрылған.
7. Эсседегі тапсырмалардың қиындығы: әр сыныптың жас ерекшелігіне сай берілген.
8. Білімді тексеру тапсырмасының формасы: оқылым, жазылым дағдыларын қолданып эссе жазу
9. Білімді тексеру тапсырмаларын орындау уақыты: орындау уақыты – 120 минутты құрайды. Жалпы эссені жазу уақыты берілген тапсырмаларды оқуға жұмсалатын уақытты ескере есептелген.  
10. Білімді тексеру тапсырмалары мен жалпы жұмысты бағалау:          Критериалды бағалау жүйесімен байланысы білім алушыларды аралық аттестаттау қалыптастырушы және жиынтық бағалауды қамтитын критериалды бағалау жүйесінің бөлігі болып табылады. Дұрыс орындалған тапсырма үшін оқушы жиынтық балл (5 балл) жинайды.

11. Аралық аттестаттау   тапсырмаларының үлгілері 

5-сынып бойынша:
Тыңдалым және айтылым. Тыңдалған мәтіннен негізгі және қосымша ақпаратты анықтайды.
Оқылым. Білім алушы өзі жазған эссе мәтінінен нақты ақпараттарды анықтауға бағытталған сұрақтар (кемінде 3 сұрақ) құрастырады.  
_____________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________                                                                
Жазылым.
1.   Эссенің кіріспе, негізгі, қорытынды бөлімдерін сақтап, өзіңізге таныс оқиға немесе кейіпкерді сипаттап не суреттеп эссе жазады.  
2. Жазылым мәтінін орфографиялық және пунктуациялық нормаға сай жазады. 
3.Төменде берілген зат есімдердің мағыналық түрлерін мәнмәтін аясында жалғаулар арқылы түрлендіріп қолданады:  қиял, ғылым, жаңалық, аспан, құстар.
_______________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

Балл қою кестесі
БаллСипаттамасы


5
Білім алушы пән бойынша өздерінің жетік деңгейдегі қабілеттерін көрсетеді:
  • Эссе мәтіндеріндегі негізгі ақпараттарды пайдаланып, үш сұрақ құрастырады.
  • Эссенің кіріспе, негізгі, қорытынды бөлімдерін сақтайды. 
  • Өзіне таныс оқиға немесе кейіпкерді сипаттап не суреттеп жазады. 
  • Ұсынылған зат есімдердің барлығын мағыналық түрлерін мәнмәтін аясында жалғаулар арқылы түрлендіріп қолданады.
  • Жазылым барысында орфографиялық, пунктуациялық нормаға сай жазады. 
  • Бір қате жібереді.
4Білім алушы пән бойынша жеткілікті деңгейдегі қабілеттерін көрсетеді:
  • Эссе мәтіндеріндегі негізгі ақпараттарды пайдаланып, үш сұрақ құрастырады. 
  • Эссенің кіріспе, негізгі, қорытынды бөлімдерін сақтайды. 
  • Өзіне таныс оқиға немесе кейіпкерді сипаттап не суреттеп жазады. 
  • Ұсынылған зат есімдердің көпшілігін мағыналық түрлерін мәнмәтін аясында жалғаулар арқылы түрлендіріп қолданады.
  • Жазылым барысында орфографиялық, пунктуациялық нормаға сай жазады. 
  • Жіберілген қателіктері жауапты түсінуге кедергі келтірмейді. Бір-екі қате жібереді.
3Білім алушы қанағаттанарлық деңгейдегі қабілеттерін көрсетеді:
  • Эссе мәтіндеріндегі негізгі ақпараттарды пайдаланып, екі сұрақ құрастырады. 
  • Эссенің кіріспе, негізгі, қорытынды бөлімдерін сақтайды. 
  • Өзіне таныс оқиға немесе кейіпкерді сипаттап не суреттеп жазады. 
  • Ұсынылған зат есімдердің кейбіреуін мағыналық түрлерін мәнмәтін аясында жалғаулар арқылы түрлендіріп қолданады.
  • Жіберілген қателіктері жауапты түсінуге аздап кедергі келтіреді. 
  • Үш-төрт тыныс белгілері немесе емле қателеріне жол береді.
2Білім алушының пән бойынша базалық білімі жеткіліксіз:
  • Эссе мәтіндеріндегі ақпараттарды жалпылама пайдаланып, екі сұрақ құрастырады.
  • Эссе тақырыбынан ауытқу байқалады. 
  • Өзіне таныс оқиға немесе кейіпкерді сипаттап не суреттеп жаза алмайды, көтерілген  мәселе     бойынша  жалпылама жазады.
  • Ұсынылған зат есімдердің кейбіреуін мағыналық түрлерін мәнмәтін аясында жалғаулар арқылы түрлендіріп қолдануға тырысады.
  • Сөздік қорды қолдануда өрескел қателер жібереді.
  • Жіберілген қателіктері жауапты түсінуде қиындық тудырады. Бестен астам тыныс белгілерін немесе емле қателерін жібереді.
1Білім алушының пән бойынша базалық білімі өте төмен:
  • Эссе мәтіндеріндегі ақпараттарды жалпылама     пайдаланып, бір сұрақ құрастырады. 
  • Эссе тақырыбынан ауытқу байқалады.  
  • Өзіне таныс оқиға немесе кейіпкерді сипаттап не суреттеп жаза алмайды,көтерілген  мәселе     бойынша  жалпылама жазады.
  • Ұсынылған зат есімдердің кейбіреуін мағыналық түрлерін мәнмәтін аясында жалғаулар арқылы түрлендіріп қолдануда қиналады.
  • Тіл нормалары туралы қарапайым білім жоқ, сөздік қоры өте жұтаң. 
  • Орфографиялық , пунктуациялық қателердің көп болуыжауапты түсінуді қиындатады.

6-сынып бойынша:

Тыңдалым және айтылым. Тыңдалған мәтіннен детальді ақпаратты анықтайды. 
Оқылым. Білім алушы өзі жазған эссе мәтінінен нақты ақпараттарды анықтауға бағытталған сұрақтар (кемінде 5 сұрақ) құрастырады.  

Жазылым.
Өз пікірі мен көзқарастарын растайтын немесе жоққа шығаратын дәлелдер келтіріп, «келісу, келіспеу» эссесін жазады.  Жазылым барысында тыныс белгілерді түрлері мен қызметіне сай дұрыс қолданады. 
___________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

Балл қою кестесі

БаллСипаттамасы
5Эссе мәтіндеріндегі негізгі және қосымша ақпаратты пайдаланып, мәселені анықтауға бағытталған 5 нақтылау сұрағын құрастырады. Эссенің тақырыбы мен мазмұндық желісі өзара байланыстырып, эссе тақырыбын ашады. Оқырманға ерекше әсер беру мақсатымен көркем тіл құралдары орынды қолданылған.
 Ойын еркін әрі толық жеткізеді, күрделі әсерлерді жеткізе алады,
 техникалық қателерді жібермейді. Көтерілген  мәселе     бойынша  тақырыптан ауытқымай, өз пікірі мен көзқарасын растайтын немесе жоққа шығаратын дәлелдер келтіріп, «келісу, келіспеу» эссесін жазады. Жазылым барысында тыныс белгілерді түрлері мен қызметіне сай дұрыс қолданады.
4Эссе мәтіндеріндегі негізгі және қосымша ақпаратты пайдаланып, мәселені анықтауға бағытталған 4 нақтылау сұрағын құрастырады. Эссе тақырыбын ашады. Оқырманға ерекше әсер беру мақсатымен тіл құралдары үйлесімді түрде қолданылған. Ойын анық әрі еркін білдіруі тиісті әсерді береді, жіберілген кейбір техникалық қателер түсінуді қиындатпайды.
Көтерілген  мәселе  бойынша     тақырыптан ауытқымай, өз пікірі мен көзқарасын растайтын немесе жоққа шығаратын дәлелдер келтіріп, «келісу, келіспеу» эссесін жазады. Жазылым барысында тыныс белгілерді түрлері мен қызметіне сай дұрыс қолданады.   Бір-екі қате жібереді.
3Эссе мәтіндеріндегі негізгі және қосымша ақпаратты пайдаланып, мәселені анықтауға бағытталған 3 нақтылау сұрағын құрастырады. Эссе тақырыбын ашады. Оқырманға ерекше әсер беру мақсатымен кейбір сипаттау құралдары қолданылған. Көтерілген  мәселе  бойынша     тақырыптан ауытқымай, өз пікірі мен көзқарасын растайтын немесе жоққа шығаратын дәлелдер келтіріп, «келісу, келіспеу» эссесін жазады. Ойын анық білдіреді, бірақ бір сарыннан шықпайды, техникалық қателер (мәтіндегі сөздердің байланысу түрлерінің дұрыс қолданылмауы, қажет ететін жанрлық және стильдік түрлерін жүйеленбеуі)
 жалпы әсерді бұзады. Жіберілген қателіктері жауапты түсінуге аздап кедергі келтіреді. Үш-төрт тыныс белгілері немесе емле қателеріне жол береді.
2Эссе мәтіндеріндегі негізгі және қосымша ақпаратты пайдаланып, мәселені анықтауға бағытталған 2 нақтылау сұрағын құрастырады. Эссе тақырыбынан ауытқу байқалады. Көтерілген  мәселе  бойынша     тақырыптан ауытқып, өз пікірі мен көзқарасын растайтын немесе жоққа шығаратын дәлелдер келтіруі жалпылама жазылады. Сөздік қорды қолдануда өрескел қателер жібереді, осы деңгейде күтілетін лексикалық және грамматикалық формалардың қолдануда қиналатыныбайқалады. Жіберілген қателіктері жауапты түсінуде қиындық тудырады. Төрттен астам тыныс белгілерін немесе емле қателерін жібереді.
1Эссе мәтіндеріндегі негізгі және қосымша ақпаратты пайдаланып, мәселені анықтауға бағытталған 1 нақтылау сұрағын құрастырады. Эссе тақырыбынан ауытқу байқалады. Көтерілген  мәселе  бойынша     өз пікірі мен көзқарасын растайтын немесе жоққа шығаратын дәлелдер келтіруді орынды қолдана алмайды, өз пікірін жазбайды. Тіл нормалары туралы қарапайым білім жоқ, сөздік қоры өте жұтаң. Грамматикалық, пунктуациялық, орфографиялық қателердің көп болуыжауапты түсінуді қиындатады.

7-сынып бойынша:

Тыңдалым және айтылым. Тыңдалған мәтіннен ақпарат бойынша факті мен көзқарасты ажырата біледі.
Оқылым. Білім алушы өзі жазған эссе мәтінінен проблемалық сұрақтар құрастырады.
Жазылым.  Дискуссивті эссе жазады. Дискуссивті эсседе тыныс белгілерін (даралаушы және ерекшелеуші) дұрыс қолданады. 

Балл қою кестесі

БаллСипаттамасы
5Тақырыптың мазмұнын толық ашады. Оқырманға ерекше әсер беру мақсатымен тіл құралдарын барынша (ғылыми терминдер, тұрақты сөз тіркестері, афоризмдер, цитаталар көркемдегіш құралдар, мақал-мәтелдер т.б.) жанрға сәйкес орынды қолданады. Ойын еркін, логикалық тұрғыдан жүйелі жеткізеді. Сөздік қоры мол. Жанрдың құрылымдық ерекшеліктерін, жазылу сипатына қарай бірізділікті бастан-аяқ сақтайды. Грамматикалық, пунктуациялық, стильдік тұрғыдан өте сауатты. Мәтіннің мазмұны мен негізгі ақпараттарға қатысты жоғары ойлау деңгейіндегі проблемалық сұрақтарды өте жақсы құрастырады. Қателері жоқ
4Тақырыптың мазмұнын ашады. Оқырманға ерекше әсер беру мақсатымен тіл құралдарын (ғылыми терминдер, тұрақты сөз тіркестері, афоризмдер, цитаталар көркемдегіш құралдар, мақал-мәтелдер т.б.) жанрға сәйкес қолданауға тырысатыны байқалады. Ойын логикалық тұрғыдан жүйелі жеткізеді. Сөздік қоры жеткілікті. Жанрдың құрылымдық ерекшеліктерін, жазылу сипатына қарай бірізділікті сақтайды. Грамматикалық, пунктуациялық , стильдік тұрғыдан сауатты, бірақ 1-2 ұсақ қате кездеседі. Мәтіннің мамзұны мен негізгі ақпараттарға қатысты проблемалық  сұрақтарды жақсы құрастырады.
3Тақырыптың мазмұнын ашуы жеткіліксіз. Жанрға сәйкес тіл құралдарын (ғылыми термин, тұрақты сөз тіркестері, афоризмдер, цитаталар көркемдегіш құралдар, мақал-мәтелдер т.б.) сирек болғанымен, орынды қолданады. Ойдың логикалық тұрғыдан жүйесі аракідік байланыспайды. Сөздік қоры қанағаттанарлық деңгейде. Жанрдың құрылымдық ерекшеліктерін сақтайды, бірақ жазылу сипатында бірізділіктен ауытқу бар.Грамматикалық, пунктуациялық, стильдік тұрғыдан 2-3 ұсақ және ірі қателер кездеседі. Мәтіннің мамзұны мен кейбір негізгі ақпараттарға қатысты жабық сұрақтар құрастырады.
2Тақырыптың мазмұнын ашуы шектеулі. Жанрға сәйкес тіл құралдарын (ғылыми термин, тұрақты сөз тіркестері, афоризмдер, цитаталар көркемдегіш құралдар, мақал-мәтелдер т.б.) сирек қолданады, орынсыздық байқалады. Ойдың логикалық тұрғыдан жүйесі байланыспайды. Сөздік қоры шектеулі. Жанрдың құрылымдық ерекшеліктерін сақтайды, бірақ жазылу сипатында бірізділік жоқ. 
Грамматикалық, пунктуациялық,стильдік тұрғыдан 4-5 ұсақ және ірі қателер кездеседі. Мәтіннің жалпы мазмұнына қатысты, қатыссыз жабық сұрақтар құрастырады.
1Тақырыптың мазмұнын ашпайды. Жанрға сәйкес тіл құралдарын қолданбайды. Ойдың логикалық тұрғыдан жүйесі жоқ. Жанрдың құрылымдық ерекшеліктерін сақтамайды. Грамматикалық, пунктуациялық, стильдік тұрғыдан алтыдан көп ұсақ және ірі қателер кездеседі. Мәтіннің жалпы мазмұнына қатыссыз жабық сұрақтар құрастырады.Сұрақтары жоқ.

8-сынып бойынша:
Тыңдалым және айтылым. Білім алушы тыңдалған мәтіннен (ақпараттан) астарлы ойды анықтайды.
Оқылым. Білім алушы өзі жазған эсседен проблемалық сұрақтар құрастырады.
Жазылым. Білім алушы өз  ойын дәлелдеп, аргументативті эссе  жазады.  Жазылым барысында эссе құрылымы мен даму желісін сақтап, мәселе бойынша ұсынылған шешімнің артықшылығы мен кемшілік тұстарын салыстырады. Сөйлем соңында қабаттасып қойылатын тыныс белгілерін дұрыс қолданады.  

Балл қою кестесі

БаллСипаттамасы
5Ұсынылған тезистердің сауатты дәлеледемелермен дәйектелуі,түрлі көзқарастардың берілуі,мәселеге қатысты дәйексөз,сандық деректер,ғылыми мәліметтерді қолдану мен дереккөздерді рәсімдеу талаптары сақталады.  Оқылым мәтіндеріндегі негізгі ақпараттарды пайдаланады.  Оқылым стратегияларын қолданады,комментарий жасап алады, іріктеп,талдап оқу арқылы эссе тақырыбын ашады. Эссе құрылымы мен даму желісін сақтап, мәселе бойынша ұсынылған шешімнің артықшылығы мен кемшілік тұстарын салыстырады. Мәтінде қазақ тілінің лексикалық, грамматикалық және стилистикалық нормалары, орфография мен пунктуация ережелерін сақтайды, сөйлем соңында қабаттасып қойылатын тыныс белгілерін дұрыс қолданады. Бір қате жібереді.
4Оқылым мәтіндеріндегі салыстыру мен жинақтау тәсілдерін қолдана алу қабілеті,ойлау ерекшелігі,күтпеген пікір мен сауал туындауына ықпал ету,пікірдің шынайылығын орынды қолдану  арқылы эссе тақырыбын ашады. Эссе құрылымы мен даму желісін сақтап, мәселе бойынша ұсынылған шешімнің артықшылығы мен кемшілік тұстарын салыстырады. Мәтінде қазақ тілінің лексикалық,грамматикалық және стилистикалық нормалары,орфография мен пунктуация ережелерін сақтайды, , сөйлем соңында қабаттасып қойылатын тыныс белгілерін дұрыс қолдануда бір-екі қате жібереді.
3Мәселені берілген тақырып аясында нақты дәлелдемелермен шешу,өзіндік тұжырымдардың берілуі арқылы  оқылым мәтіндеріндегі негізгі ақпараттарды пайдаланады. Эссе құрылымы мен даму желісін сақтап, мәселе бойынша ұсынылған шешімнің артықшылығы мен кемшілік тұстарын салыстыруға тырысады. Мәтінде қазақ тілінің лексикалық,грамматикалық және стилистикалық нормалары, орфография мен пунктуация ережелерін сақтауға тырысады, сөйлем соңында қабаттасып қойылатын тыныс белгілерін дұрыс қолдануда үш-төрт тыныс белгілері қателеріне жол береді. Жіберілген  емлелік қателіктері жауапты түсінуге аздап кедергі келтіреді. 
2Оқылым мәтіндеріндегі ақпараттарды жалпылама пайдаланады. Эссе тақырыбынан ауытқу байқалады.  Ұсынылған тезистердің сауатты дәлеледемелер,түрлі көзқарастар мен     көтерілген  мәселе  бойынша ұсынылған шешімнің артықшылығы мен кемшілік тұстарын салыстыруды жалпылама жазады. Сөздік қорды қолдануда өрескел қателер жібереді, осы деңгейде күтілетін лексикалық және грамматикалық формалардың қолдануда қиналатыны байқалады. Жіберілген қателіктері жауапты түсінуде қиындық тудырады. Сөйлем соңында қабаттасып қойылатын тыныс белгілерін дұрыс қолдануда қиналады, төрттен астам тыныс белгілерін немесе емле қателерін жібереді.
1Эссе құрылымы мен даму желісін сақтап, мәселе бойынша аргументативті ойларын келтіре алмайды. Оқылым мәтіндеріндегі ақпараттарды жалпылама     пайдаланады. Эссе тақырыбынан ауытқу байқалады. Мәселе бойынша ұсынылған шешімнің артықшылығы мен кемшілік тұстарын салыстыра  алмайды. Тіл нормалары туралы қарапайым білім жоқ, сөздік қоры өте жұтаң. Сөйлем соңында қабаттасып қойылатын тыныс белгілерін дұрыс қолдануда бестен аса қате жібереді, грамматикалық, пунктуациялық, орфографиялық қателердің көп болуыжауапты түсінуді қиындатады.

10-сынып ҚГБ бойынша:

Тыңдалым және айтылым. Тыңдалған мәтіндегі ақпаратты өмірлік мәселелермен байланыстыра біледі.
Оқылым. Білім алушы өзі жазған эссе мәтінін қолданып, ашық, жабық сұрақтар құрастырады.
Жазылым. Өз  ойын дискуссивті эссе түрінде жазады. Жазылым барысында қажетті клишелер мен лексикалық құрылымдарды  қолданып, тілдік бірліктерді   орфографиялық нормаға  сай жазады.    

Балл қою кестесі

БаллСипаттамасы
        5Оқылым мәтіндеріндегі негізгі ақпараттарды пайдаланады. Пікір бойынша өзіндік көзқарасын білдіреді, нақты дәлелдер келтіреді. Қажетті клишелер мен лексикалық құрылымдарды қолданып, көтерілген  мәселе  бойынша     өз  ойын дәлелдеп жазады. Лексика мен грамматикалық формалардың кең ауқымын қатесіз, еркін және тиімді пайдаланады. Тілдің тыныс белгілері мен орфографиялық нормаларын сақтайды. Бір қате жібереді.
         4Оқылым мәтіндеріндегі негізгі ақпараттарды пайдаланады. . Пікір бойынша өз пікірін білдіреді, нақты дәлелдер келтіреді. Қажетті клишелер мен лексикалық құрылымдарды қолданып, көтерілген  мәселе  бойынша  өз     ойын дәлелдеп жазады. Осы деңгейде күтілетін лексика мен грамматикалық формаларды жеткіліктітүрде қолданатынын көрсетеді. Жіберілген қателіктері жауапты түсінуге кедергі келтірмейді. Тілдің тыныс белгілері мен орфографиялық нормаларын сақтайды. Бір-екі қате жібереді.
        3Оқылым мәтіндеріндегі негізгі ақпараттарды пайдаланады. Пікір бойынша өзіндік көзқарасын  білдіреді,     дәлел келтіреді. Эссе тақырыбын ашады. Қажетті клишелер мен лексикалық құрылымдарды қолданып, көтерілген     мәселе  бойынша  өз     ойын  жазады. Осы деңгейде күтілетін лексика мен грамматикалық формалардың шектеулі көлемін қолданатынын көрсетеді. Жіберілген қателіктері жауапты түсінуге аздап кедергі келтіреді. Үш-төрт тыныс белгілері немесе емле қателеріне жол береді.
       2Оқылым мәтіндеріндегі ақпараттарды жалпылама пайдаланады. Пікір бойынша өзіндік көзқарасын білдіреді. Эссе тақырыбынан ауытқу байқалады.  Қажетті клишелер мен лексикалық құрылымдарды орынды қолдана алмайды, көтерілген  мәселе     бойынша  жалпылама жазады. Сөздік қорды қолдануда өрескел қателер жібереді, осы деңгейде күтілетін лексикалық және грамматикалық формалардың қолдануда қиналатыныбайқалады. Жіберілген қателіктері жауапты түсінуде қиындық тудырады. Төрттен астам тыныс белгілерін немесе емле қателерін жібереді.
       1Оқылым мәтіндеріндегі ақпараттарды жалпылама  пайдаланады. Пікір бойынша өзіндік көзқарасын білдіреді. Қажетті клишелер мен лексикалық құрылымдарды орынды қолдана алмайды, көтерілген     мәселе  бойынша өз пікірін жазбайды. Тіл нормалары туралы қарапайым білім жоқ, сөздік қоры өте жұтаң. Грамматикалық, пунктуациялық, орфографиялық қателердің көп болуыжауапты түсінуді қиындатады.

10-сынып ЖМБ бойынша:
Тыңдалым және айтылым. Тыңдалған мәтіннен негізгі және қосымша ақпаратты анықтайды.
Оқылым. Білім алушы өзі жазған эссе мәтінінен негізгі ойды анықтап, сұрақтар құрастырады.
Жазылым.
«Келісу, келіспеу» эссесін жазады. Жазылым барысында мәтіндердегі мәліметтер мен пікірлерді өңдеп, қажетті клишелер мен лексикалық құрылымдарды қолданады, тілдік бірліктерді   орфографиялық нормаға  сай жазады. 

Балл қою кестесі

БаллСипаттамасы
5Оқылым мәтіндеріндегі негізгі ақпараттарды пайдаланады. Эссе тақырыбын ашады. Қажетті клишелер мен лексикалық құрылымдарды қолданып, көтерілген  мәселеге баға беріп, мәтіндердегі мәліметтер мен пікірлерді өңдеп,  өз  ойын дәлелдеп жазады. Лексика мен грамматикалық формалардың кең ауқымын қатесіз, еркін және тиімді пайдаланады. Тілдің тыныс белгілері мен орфографиялық нормаларын сақтайды. Бір қате жібереді.
4Оқылым мәтіндеріндегі негізгі ақпараттарды пайдаланады. Эссе тақырыбын ашады. Қажетті клишелер мен лексикалық құрылымдарды қолданып, көтерілген  мәселе бойынша мәтіндердегі мәліметтер мен пікірлерді қамтып, өз  ойын дәлелдеп жазады. Осы деңгейде күтілетін лексика мен грамматикалық формаларды жеткіліктітүрде қолданатынын көрсетеді. Жіберілген қателіктері жауапты түсінуге кедергі келтірмейді. Тілдің тыныс белгілері мен орфографиялық нормаларын сақтайды. Бір-екі қате жібереді.
3Оқылым мәтіндеріндегі негізгі ақпараттарды пайдаланады. Эссе тақырыбын ашады. Қажетті клишелер мен лексикалық құрылымдарды қолданып, мәселе  бойынша     өз  ойын  жазады, пікірлер мен мәліметтерді қолданады. Осы деңгейде күтілетін лексика мен грамматикалық формалардың шектеулі көлемін қолданатынын көрсетеді. Жіберілген қателіктері жауапты түсінуге аздап кедергі келтіреді. Үш-төрт тыныс белгілері немесе емле қателеріне жол береді.
2Оқылым мәтіндеріндегі ақпараттарды жалпылама пайдаланады. Эссе тақырыбынан ауытқу байқалады.  Қажетті клишелер мен лексикалық құрылымдарды орынды қолдана алмайды, пікірлер мен мәліметтерді қолдана алмайды, көтерілген  мәселе  бойынша     жалпылама жазады. Сөздік қорды қолдануда өрескел қателер жібереді, осы деңгейде күтілетін лексикалық және грамматикалық формалардың қолдануда қиналатыныбайқалады. Жіберілген қателіктері жауапты түсінуде қиындық тудырады. Тыныс белгілері немесе емле қателері төрттен асады.
1Оқылым мәтіндеріндегі ақпараттарды жалпылама     пайдаланады. Эссе тақырыбынан ауытқу байқалады.  Қажетті клишелер мен лексикалық құрылымдарды орынды қолдана алмайды, көтерілген  мәселе     бойынша өз пікірін жазбайды. Тіл нормалары туралы қарапайым білімі жоқ, сөздік қоры өте жұтаң. Грамматикалық, пунктуациялық, орфографиялық қателердің көп болужауапты түсінуді қиындатады.



ЕСКЕРТУ: 

  1. Жоғарыдағы берілген тапсырмалар үлгі ретінде алынуы қажет.
  2. Бағалау критерийлері құрастырылатын тапсырмаларға қарай мұғалімдер тарапынан жасалуы керек.
  3. Емтихан тапсырмаларын құрастыруда мүмкіндігінше төрт дағды қамтылғаны дұрыс.
  4. Емтихан сұрақтарын емтихан алушы педагог құрастырады.
  5. Пән мұғалімі емтиханды төртінші тоқсанның соңғы сабағында бақылау жұмысы форматында өткізеді.