Қамқоршылық кеңесінің кезектен тыс отырысынан №2 ХАТТАМАСЫ » Ш.Байбатшаев атындағы орта мектеп
Жетісу облысы білім басқармасының
Панфилов ауданы бойынша білім бөлімінің
"Ш.Байбатшаев атындағы орта мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72774) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72774) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » Қамқоршылық кеңесінің кезектен тыс отырысынан №2 ХАТТАМАСЫ
18
апрель
2023

Қамқоршылық кеңесінің кезектен тыс отырысынан №2 ХАТТАМАСЫ

«Ш.Байбатшаев атындағы  орта мектеп»

коммуналдық мемлекеттік мекемесі



Қамқоршылық кеңесінің кезектен тыс отырысынан

№2  ХАТТАМАСЫ

27.12.2022 жыл                                                                                                           Аққұдық  ауылы


Қатысқандар:


1.Акбасова Бакитгул Нурталаповна  -Қамқоршылық кеңестің төрайымы 

2.Жанғазиев Талғат Берлинұлы- Қамқоршылық кеңестің төрайымының орынбасары

3.Аманжолова Шолпан Нурлубековна-кеңес мүшесі

4.Жазыбаева Ұлжан Дүнгенбайқызы- кеңес мүшесі

5.Бексеитов Мұрат Турсунгалиевич- кеңес мүшесі

6.Жумадилова Улжалғас Тұрғанқызы- кеңес мүшесі,ата –аналар комитетінің төрайымы

7.Асанбаев Серікжан Иманмұхамедұлы- кеңес мүшесі

8.Шауменова Құралай Керімқожақызы- кеңес мүшесі

9.Станбеков Даулеткелді Масалимұлы- кеңес мүшесі

10Ахатаева Лаура     Есентаевна -хатшы  

Күн тәртібі:


  1. ІІ жарты жылдыққа «Жалпыға бірдей білім беру қоры» есебінен ыстық тамақпен қамтылатын оқушыларды анықтау, тізімін бекіту.
  2. ІІ жарты жылдықта денсаулығына байланысты әлеуметтік санаттағы азқамтылған отбасынан шыққан 5 сынып оқушысы Асылбек Мирастың үйден оқыту жағдайына ауысуына байланысты,оның орнына басқа мектептен ауысып келген толық емес отбасынан шыққан  7 сынып оқушысы Кеңесұлы Арнұрды ыстық тамақпен қамту тізіміне тіркеу туралы 

Тыңдалды:

          Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Б.Б.Нүптекеева  күн тәртібіндегі  мәселе бойынша сөз кезегін алды.  «Жалпыға бірдей білім беру қорынан» материалдық көмек  берудің ережесі туралы айтып өтті, ҚР Үкіметінің 2008 жылғы 25 қаңтардағы № 64 «Әлеуметтік қорғалмаған білім алушыларға қаржылай және материалдық көмек көрсетуге бөлінетін қаражатты жұмсау ережесі» қаулысын басшылыққа ала отырып, 2022-2023 оқу  жылының ІІ жарты жылдығында осы білім алушылардың :атаулы әлеуметтік көмек алатын, жартылай жетім, аз қамтылған, көпбалалы отбасы балаларын ыстық тамақпен қамту мақсатында жиналып отырғандығы туралы айтты.

Сөйлеушілер:


          1.Күн тәртібіндегі мәселе бойынша әлеуметтік-педагог Л.Е.Ахатаева сөз алды. Өз сөзінде оқу жылының басында комиссияға жалпы  85 ата-анадан балаларын ыстық тамақпен қамту жөніндегі өтініштері түсіп, қамқоршылық кеңесінің отырысында ыстық тамақпен қамту комиссиясының шешімінен І жарты жылдықта 85 білім алушы тамақтанды.Олар  1-11-сыныптар бойынша АӘК алатын отбасынан шыққан (6 білім алушы), аз қамтылған отбасынан шыққан (18 білім алушы), көпбалалы отбасынан шыққан (56 білім алушы), толық емес (жартылай жетім,ата анасы ажырасқан) отбасынан шыққан (11 білім алушы) тамақтануда .Жалпы саны 85 өтініш түсті, әр сыныптың сынып жетекшілерінен әлеуметтік санаттағы оқушылар туралы мәлімет алынып, отбасылардың әлеуметтік тұрмыстық жағдайлары зерттеліп, сол оқушылардың ата-аналарының жазған өтініштері қаралды. 


          2.Күн тәртібіндегі екінші мәселесі бойынша мәселе бойынша қамқоршылық кеңесінің төрайымының орынбасары Жанғазиев Талғат Берлинұлы сөйледі. Өз сөзінде ІІ жарты жылдықта денсаулығына байланысты   әлеуметтік санаттағы азқамтылған отбасынан шыққан 5 сынып оқушысы Асылбек Мирастың үйден оқыту жағдайына ауысуына байланысты,оның орнына басқа мектептен ауысып келген толық емес отбасынан шыққан  7 сынып оқушысы Кеңесұлы Арнұрды ыстық тамақпен қамту тізіміне тіркеу туралы .Кеңесұлы Арнұрдың барлық құжаттарына заң аясында болғандықтан,ол білім алушыны ыстық тамақпен қамту тізіміне қосуға қарсы еместігін білдірді.

3. Бекбатырова Б.А – Мектеп мейірбикесі

              Жыл сайынғы атқарып жүрген жұмыстарымыз, өзімізге таныс. Дегенмен де білім алушыларды ыстық тамақпен қамтуды ұйымдастыру үлкен жауапкершілік. Тамақтың сапасын, асханадағы қауіпсіздік шараларын күн сайын бақылауда ұстаймыз. Аталған ыстық тамақ ішетін білім алушылардың тізімін ІІ жарты жылдықтада  бекітілуін сұраймын.


4. Бексеитов Мұрат Турсунгалиевич- кеңес мүшесі

               Күн тәртібіндегі мәселе бойынша үлкен жұмыс жасалып отыр. Оқу жылының басында қамқоршылық кеңес мүшелерінің шешімімен І жарты жылдықта әлеуметтік санаттағы 85  білім алушы ыстық тамақпен қамтылды.. Осы тізімдегі білім алушылар ІІ жарты жылдықта ыстық тамақпен қамтылуына және 5 сынып оқушысы Асылбек Мирастың үйден оқыту жағдайына ауысуына байланысты,оның орнына толық емес отбасынан шыққан  7 сынып оқушысы Кеңесұлы Арнұрды ыстық тамақпен қамту тізіміне тіркеліп,ыстық тамақпен қамтылуына қарсы еместігін айтып өтті.


 Қамқоршылық кеңесінің отырысында ыстық тамақпен қамту комиссиясы күн тәртібіндегі мәселені талдап, талқылай келе шешті:


  1.  «Жалпыға бірдей білім беру қоры» есебінен ыстық тамақ ішетін 85 білім алушының тізімін өзгертілмей ІІ жарты жылдықтада  толық тамақтансын.


  1.  ІІ жарты жылдықта денсаулығына байланысты әлеуметтік санаттағы азқамтылған отбасынан шыққан 5 сынып оқушысы Асылбек Мирастың үйден оқыту жағдайына ауысуына байланысты,оның орнына басқа мектептен ауысып келген толық емес отбасынан шыққан  7 сынып оқушысы Кеңесұлы Арнұрды ыстық тамақпен қамту тізіміне тіркеліп,ыстық тамақпен қамтылсын




Қамқоршылық кеңесінің төрайымы:                                  Н.Б.Ақбасова  

Хатшы:                                                                           Л.Е.Ахатаева