Республикалық "Мектепке жол" акциясы » Ш.Байбатшаев атындағы орта мектеп
Жетісу облысы білім басқармасының
Средняя школа №
"Ш.Байбатшаев атындағы орта мектеп"
Управления образования Алматинской области
Приемная
+7(72774) 43-50-93
Бухгалтерия
+7(72774) 23-11-37
Версия для
слабовидящих
» » Республикалық "Мектепке жол" акциясы
29
август
2023

Республикалық "Мектепке жол" акциясы

Жыл сайын Республикалық "Мектепке жол" акциясы 2023 жылдың 1 тамызынан бастап "Ш.Байбатшаев атындағы орта мектеп" КММ-нің "Мектепке жол- жақсылықты жаса"атты ұранымен акция басталды. Акцияның мақсаты - жаңа оқу жылының қарсаңында аз қамтылған және көп балалы отбасылар қатарындағы оқушыларға, жетім балалар мен ата -анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға оқу жылының басталуына дайындық кезеңінде көмек көрсету.
Қоғамдық мәні зор шараға жаны жомарт, жүрегі нұрға толы жандар, ата-аналар, мектебіміздің түлектері, тұрақты демеушілер, балаларға мерекелік көңіл -кдомсыйлап, жаңа мектеп формасын, спорттық киім, аяқ-киім, қажетті мектеп жабдықтарымен мектеп сөмкесін толтырып жақсылық жасап жарысуда.
1 тамыздан 11 тамыз аралығында оқушылардың мектепке дайындығына жалпы сомасы 120 мың теңге көлеміндегі көмек 10 балаға үлестірілді. Мектеп ұжымы игі шарадан тыс қалмай 32 мың теңге көлемінде көмек көрсетті. Оның ішінде 4 көпбалалы, 3 аз қамтылған, 3 толық емес отбасы "Мектепке жол" акция шеңберінде берекелі, бірлігі жарасқан ел екенімізді танытып, мұқтаж жандарға көмек қолын созған жандарға алғыс білдіреміз! Елімізде дарынды, білімді, алғыр ұрпақ өсуіне ұйытқы болар игі шараға атсалысып, жүрек жылуын бөлісуге асығайық!
Акция 30 қыркүйекке дейін жалғасын таппақ.