Оспанов Жандос Нұртәліпұлы » Ш.Байбатшаев атындағы орта мектеп
Жетісу облысы білім басқармасының
Средняя школа №
"Ш.Байбатшаев атындағы орта мектеп"
Управления образования Алматинской области
Приемная
+7(72774) 43-50-93
Бухгалтерия
+7(72774) 23-11-37
Версия для
слабовидящих
09
февраль
2023

Оспанов Жандос Нұртәліпұлы

1980 жылы 20 тамызда Алматы облысы, Панфилов ауданы, Аққұдық ауылында дүниеге келді.

1986 жылы Аққұдық ауылы бастауыш мектебіне 1 сыныпқа қабылданды. Орта мектепті Ақжазық ауылындағы Жамбыл атындағы орта мектептен 1997 жылы бітірді.

1997 жылы Абай атындағы Алматы мемлекеттік университетінің тарих факультеті, шығыстану бөліміне күндізгі бөлімге түсті. Университетті 2002 жылы шығыстанушы мамандығы бойынша бітірді.

2003 жылы Алматы облысы, Панфилов ауданы, Аққұдық ауылындағы  «Ш.Байбатшаев атындағы негізгі мектеп» КММ-нің география пәнінің мұғалімі болып жұмысқа орналасты.

2005 жылы  «Ш.Байбатшаев атындағы орта мектеп» КММ-і болып өзгеруіне байланысты АӘД пәнінің оқытушы-ұйымдастырушысы болып қабылданды.

2013-2015 жылдары Алматы облысы, Панфилов ауданы, Көктал ауылы «Абай атындағы орта мектеп» КММ-нің директордың тәрбие істері жөніндегі орынбасары болып қызмет атқарды.

2015 жылдан бүгінгі күнге дейін «Ш.Байбатшаев атындағы орта мектеп» КММ- де АӘжТД пәнінің оқытушы-ұйымдастырушысы болып жұмыс істейді.

Мамандығы бойынша 2019-2021 жылдары Абай атындағы қазақ ұлттық университетінің 6В01401-Бастапқы әскери дайындық мамандығы бойынша қашықтан  оқыту БАКАЛАВРЫ дәрежесінде жоғары білім алды.

Отбасылық жағдайы: үйленген.

Балалары:

1) Нұртәліп Нұрдаулет Жандосұлы

2) Нұртәліп Саят Жандосұлы

3) Нұртәліп Інжу Жандосқызы

4) Нұртәліп Сұлтан Жандосұлы

Мекенжайы: Жетісу облысы, Панфилов ауданы, Аққұдық ауылы, Орталық улица №29 үй.