«Оқуға құштар мектеп» жобасын іске асыру » Ш.Байбатшаев атындағы орта мектеп
Жетісу облысы білім басқармасының
Средняя школа №
"Ш.Байбатшаев атындағы орта мектеп"
Управления образования Алматинской области
Приемная
+7(72774) 43-50-93
Бухгалтерия
+7(72774) 23-11-37
Версия для
слабовидящих
» » » «Оқуға құштар мектеп» жобасын іске асыру
08
октябрь
2023

«Оқуға құштар мектеп» жобасын іске асыру

Бекітемін :

Мектеп  директоры:                                С.М.Асанов


                               «Ш.Байбатшаев  атындағы   орта  мектеп» КММ

                                              2023-2024 оқу жылы

Мемлекет басшысы Қ.К.Тоқаевтың Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің төртінші отырысында берген тапсырмасын орындау мақсатында 

«Оқуға құштар мектеп» жобасын іске асыру


Жобаның мақсаты: Оқу мәртебесін, оқу белсенділігін және оқу сапасын арттыру, балалар мен жастардың  мәдени және оқу құзіреттілігін  дамыту, сондай- ақ жас ұрпақ бойында жоғары азаматтық және рухани-адамгершілік құндылықтарды қалыптастыру. «Оқуға құштар мектеп» жобасы оқушылардың кітап  құмарлығын арттыруға бағытталған.

Жоба аясында түрлі іс-шаралар, кездесулер, пікірталастар мен ата-аналар қоғамдастығын тарта отырып, мектеп кітапханаларының сайттарында пікір таластар жүргізу арқылы мектеп қабырғасындағы кітаптар арқылы оқуға, әлемді тануға деген қызығушылығын қалыптастыру.  

Жоба кезеңі: І- ІV тұрады.

1

Жобаның атауы


«Оқуға құштар мектеп»

Орындалу түрлері


3

Жоба кезеңі

І кезең: Жоба туралы сауалнама;


ІІ кезең: Интелектуалды кезең;


ІІІ кезең: Шығармашылық шеберлік кезең




ІV кезең: Қорытындылау кезеңі


І.Сауалнама алу.



ІІ.Кітап оқу.



ІІІ.Оқыған  кітаптарынан эссе жазу, bookslem жасау, Art суреттер салу.


ІV.Әлеуметтік желілерге салу.

І. Қараша



ІІ. Жыл бойы



ІІІ.ақпан-эссе, наурыз- bookslem жасау, 

сәуір- Art суреттер салу.


ІV. Жыл  бойы 

4

Жоба форматы

  • Мектеп кітапханасының көркем әдебиетпен (соның ішінде қазақ және орыс тіліндегі және әлем әдебиеті классиктерімен) жүйелі түрде толықтыру;


  • Мектеп кітапханасының 

материалдық-техникалық базасын дамыту;


  • Мектеп кітапханасын цифрландыру;



  • Оқу мәдениетін қалыптастыру 

бойынша НЗМ және БИЛ тәжірибесін қолдану;


  • БАҚ және әлеуметтік желілерде жариялау.


  • «Сыйлыққа- кітап» акциясы. (Меценаттар, ата-аналар)






  • Түрлі түсті принтер, ламинат аппараты, конц.тауарлары


  • Marksoil бағдарламасын орналастыру.


  • НЗМ тәжірибесінен «READX» жобасы



  • Әсерлі іс-шараны жариялау
  • Жыл бойы










  • Жыл бойы 






  • ІТ-мамандарына тапсыру


  • Жыл бойы






  • Жыл бойы


5

Жоба міндеті

  • Оқырман санын     көбейту;


  • Балалар мен жастардың     оқу мәдениетін дамыту;


  • Оқырмандарды дәстүрлі емес яғни НЗМ, БИЛ тәжірибесінен қолдану;
  • Ата-аналармен педагогтарды белсенді түрде қатыстыру;
  • Жыл бойы


  • Әрдайым,жеке



  • Қажетті уақытта
  • Жыл бойы

6

Ұсыныс

Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласында     қоғамдық-және гуманитарлық ғылымдарды дамыту бойынша  «Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасы қазақшаға аударылған GR коды бар кітаптарды;


«100 кітап» жобасындағы кітаптар тізбегін ұдайы ұсынып отыру.


Жыл бойы, (жоғары  сыныптар , пән мұғалімдері)





Жыл бойы

7

Күтілетін нәтиже

Кітап құмар, өз елін сүйетін патриотты , тіл байлығы дамыған сауатты оқырман



Қорытынды 

Әлеуметтік БАҚта жариялау, жоба туралы jpeg фотосуреттер. (дайджест)


Оқырмандар, ата-аналар, педагогтардың әлеуметтік желілерде жариялауы.

Қаңтар-мамыр



           Мектеп  кітапханашысы:                             Оспанова А.Б






                                                      Б Ұ Й Р Ы Қ 


                           «Ш.Байбатшаев атындағы орта мектеп» КММ  

  15 қыркүйек 2023 жыл                                                       Аққұдық ауылы


«Оқуға құштар мектеп» жобасын 

іске асыру туралы



       Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың тапсырмасы аясында Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің орта білім саласындағы «Оқуға құштар мектеп» жобасын іске асыру мақсатында 

БҰЙЫРАМЫН :



  1. Оқушылардың кітап оқуға деген қызығушылығын қалыптастыру , оқуға деген ынтасын арттыра отырып, кітап оқуды насихаттау мақсатында  мектепте «Оқуға құштар мектеп» жобасы жүргізілсін.


  1. Мектепішілік «Оқуға құштар мектеп» жобасының іс-шаралар жоспары жасалынып бекітілсін.


  1. «Оқуға құштар мектеп»  жобасы аясында көпшілік жұмыстарды жүргізу        кітапханашы А.Б.Оспановаға, сынып жетекшілеріне және пән бірлестіктеріне тапсырылсын.


  1. «Оқуға құштар мектеп» жобасының жүргізілуіне, барлық жұмыстардың орындалуына бақылау жасау мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Б.Б..Нүптекееваға міндеттелінсін.



  1. Осы бұйрықтың орындалуын өзіме қалдырамын.






                                                                     Мектеп  директоры:                   С. М.Асанов




«Ш.Байбатшаев   атындағы  орта мектеп»  КММ

 «Оқуға құштар мектеп» жобасын іске асыру  мақсатында жүргізілген жұмысқа

Анықтама

   2023-2024 оқу жылы

Жобаның мақсаты: Оқу мәртебесін, оқу белсенділігін және оқу сапасын арттыру, балалар мен жастардың   мәдени және оқу құзіреттілігін   дамыту, сондай- ақ жас ұрпақ бойында жоғары азаматтық және рухани-адамгершілік құндылықтарды қалыптастыру

Президентіміз: «Кітап оқу – рухани кемелденудің көзі. Қазіргі уақыт – секунд сайын жаңарған ақпарат заманы. Алтын уақытымызды пайдалы істерге жұмсағанымыз жөн», – деген болатын. Соған орай, жас жеткіншектердің қызығып оқитын кітаптарын көптеп шығарып, алыс ауылдардағы мектептерге таратудың маңыздылығын ескере отырып, мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы аясында ҚР Білім және ғылым министрлігі орта білім саласында «Оқуға құштар мектеп» жобасын қолға алды.

«Оқуға құштар мектеп» жобасын еліміздегі мектеп қасындағы кітапханалардың жұмысын дамыту арқылы жүзеге асыруды жоспарлаған болатын.

   Кітап оқудағы ата-аналар белсенділігін арттыру мақсатында оқушылардын кітап оқуға тартудың бір әдісі ретінде «Ертегілер еліне саяхат», «Оқуға құштар мектеп»\оқырмандар сайысы\ іс-шарасы ұйымдастырылды. Бұл шараның мақсаты ертегі арқылы баланы тәрбиелеу. Жобаны насихаттау, көпшілікпен бөлісу мақсатында мектептің инста, фейсбук парақшаларына жүргізілген жұмыстар үздіксіз жарияланып отырылады. 

    Бұл жоба бүкіл мектеп ұжымын қамтуды, жүргізілетін жұмыстардың нәтижеге бағытталуын мақсат етеді. 

  Жоба аясында ««Оқуға құштар мектеп»   жобасы      аясында 25 қазан   - Республика күніне күніне  орай «Республикам менің» атты  челленджі ұйымдастырылды. 5-сынып   оқушысы: Юлдашұлы Мағжан,6- сынып   оқушысы: Қазайбек Айгул, 6- сынып   оқушысы: Айтқожа Айсұлтан  . 

Алдағы уақытта да «Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында жоспар бойынша жұмыстар жалғасын табады. Кітап – рухани азық беретін құдіретті құндылық, адамзатты тәрбиелеудің басты құралы. Өзінің биік, таза рухани қасиетімен кітап – мәдениет пен руханиятты қорғауда теңдесі жоқ қару болып табылатыны сөзсіз. «Адамды адам ететін – кітап» деген сөз текке айтылмаса керек-ті. Бүгінгі тақырыпқа арналған өз ойымды қорытындылай келе, «Кітап оқудан тиылсақ, ой ойлаудан да тиылар едік», – деген

 Ғабит Мүсіреповтың сөзімен түйіндегім келеді.

                                                          Мектеп  кітапханашысы:         Оспанова А.Б