«Тіл –тазалығы» атты онкүндігінің жабылуы » Ш.Байбатшаев атындағы орта мектеп
Жетісу облысы білім басқармасының
Панфилов ауданы бойынша білім бөлімінің
"Ш.Байбатшаев атындағы орта мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72774) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72774) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Тіл –тазалығы» атты онкүндігінің жабылуы
15
сентябрь
2023

«Тіл –тазалығы» атты онкүндігінің жабылуы

Үш тілді – қазақ, орыс және ағылшын тілдерін жетік меңгерген тұлғаны тәрбиелеу, тілдік қарым-қатынас мәдениетін қалыптастырып, отансүйгіштік пен қазақстандық патриотизмді нығайту, өзге халықтардың мәдениеті мен тілін құрметтеу мақсатында және 5 қыркүйек Қазақстан халықтары тілдер күні аясында 2023 жылғы 05-15 қыркүйек аралығында «Тіл –тазалығы» атты онкүндігінің іс-шара салтанатының жабылуы өтті. 
Онкүндіктің жабылуын Д.Исабековтың "Әпке" драммасын "Жігер" жас мамандар бірлестігінің жастары сомдап шықты. «Әпке» драмасы – қоғамның, адам санасының өзгерісін, оның ұлттық құндылықтарға тигізіп жатқан ықпалын ашып көрсететін шығарма. Негізгі кейіпкерлері: әке-шешесі ерте қайтыс болып, жастай жетім қалған балалардың тұрмысы, танымы, білігі, бір-біріне қарым-қатынасы, араларындағы шиеленісті жағдай арқылы жалпы қоғамның болмысын, адами парыз, борышты ұғындырып қана қоймай, оқырманын терең ойға салып, ой қорытуға итермелейді. 
Жиын соңында онкүндікке белсене қатысқан үздік оқушылар мақтау қағазымен марапатталды.