Мектепте оқушылардың құқықтық сауаттылығын арттыру мен кәмелетке толмағандардың құқықтық тәрбие жұмысын жақсарту мен қылмыстың алдын-алу және оны болдырмау » Ш.Байбатшаев атындағы орта мектеп
Жетісу облысы білім басқармасының
Панфилов ауданы бойынша білім бөлімінің
"Ш.Байбатшаев атындағы орта мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72774) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72774) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » Мектепте оқушылардың құқықтық сауаттылығын арттыру мен кәмелетке толмағандардың құқықтық тәрбие жұмысын жақсарту мен қылмыстың алдын-алу және оны болдырмау
23
май
2023

Мектепте оқушылардың құқықтық сауаттылығын арттыру мен кәмелетке толмағандардың құқықтық тәрбие жұмысын жақсарту мен қылмыстың алдын-алу және оны болдырмау

«Жетісу облысы білім басқармасының Панфилов бойынша білім» мемлекеттік мекемесінің «Ш.Байбатшаев атындағы орта мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі                                   


Анықтама


Тақырыбы: Мектепте оқушылардың құқықтық сауаттылығын арттыру мен кәмелетке толмағандардың құқықтық тәрбие жұмысын жақсарту мен қылмыстың алдын-алу және оны болдырмау мақсатында, мектеп оқушыларына кеңес беру. 

Мақсаты: Балаларды қатігездікке немқұрайлы қарамау қоғамның назарын аудару және қоғамда балаға зорлық-зомбылық қолайсыз болып, жасына даму деңгейіне, әлеуметтік мәртебесіне қарамастан әр адамның өмірі мен әл ауқаты жоғары болатын сенімдерді қалыптастыру. 

Жетісу облысы бойынша балалардың құқықтарын қорғау, тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы іс-қимыл және жасөспірімдер арасындағы аутодискрутивті әрекеттің алдын-алу жөніндегі 2020-2023 жылдарға арналған кешенді іс-шаралар жоспары бойынша әр тармақтарын басшылыққа ала отырып, мектепте жасөспірімдердің өмірде қиын жағдайға душар болудың алдын алуға, оқушылардың арасындағы құқық бұзушылықтың алдын-алу бойынша жұмыстарға мектепте, оқушылардың құқықтық сауаттылығын арттыру мен кәмелетке толмағандардың құқықтық тәрбие жұмысын жақсарту мен қылмыстың алдын-алу және оны болдырмау мақсатында, мектеп оқушыларына кеңес беру жұмыстарына аудандық полиция бөлімінің юбиналды полиция тобының инспекторлары Нұрахметов Мұратбек Елғазыұлы, полиция мойоры Нұрлаби Талшын Нұрлабиқызы, полиция капитаны Садыбекова Сымбат Серікқызы, полиция лейтенанты Ринатова Камилия Ринатқызы полиция лейтенанты осы аталған құқық қорғау саласының мамандарымен кездесу өткіздік.

Мектеп оқушыларымен құқық бұзушылықтың алдын-алу буллинг және кибербуллинг туралы түсінік жұмыстарын жүргізіп, ұрлық жасау ,бопсалау күш көрсету, түрлі қылмыстық әректерге барудың соңы заң алдында  жауапкершілікке тартылып, өтеу жазасын алатындығы туралы оқушыларға жан-жақты жете түсіндірді.

Аудандық полиция бөлімінің юбиналды полиция тобының инспекторы Нұрахметов Мұрат Елғазыұлы кездесу барысында, қазіргі таңда оқушылардың әлеуметтік желілерге тәуелділігі, түрлі дұрыс емес ақпараттарды сол жерлерден көру арқылы, еліктеу, көргенін қайталау керек емес екенін, әрқашан бос уақыттарын тиімді пайдалануға, білім алуға ұмтылу, қосымша әдеби кітаптар оқу, спортпен айналысу керек екенін, жақсы ойда, адамдармен дұрыс қарым-қатынаста болу балалардың өмірлеріне өте тиімді екенін айтып өтті.  

Полиция мойоры Нұрлаби Талшын Нұрлабиқызы мектеп қыздар тәртібіне қоғамда болып жатқан көптеген келеңсіз жағдайларға тоқтала отырып, қыз тәрбиесіне рухани-адамгершілік, әдептілік, сыпайылылық, тиянақтылық, имандылық, тазалық қасиеттерді дамыту керек екенін, жүріс-тұрыс дағдылар қалыптастыру үнемі түсінік жұмыстарын жүргізу, сыныпта қыздар болсын, ұлдар болсын, бір-біріне деген қарым-қатынастарын дұрыс қалыптастыруға жан–жақты түсіндіру, мектеп ата-ана, қоғамдық орта бәрі назардан тыс қалдырмау керек екенін айтты.

 


 


Кездесу соңында, мектебіміздің құқық пәнінің мұғалімі Баймолдаев Қуан Мұхамедуали күн сайынғы оқушылардың сабаққа қатысуы, оқушылардың мектептегі және сыныптағы шараларға қатысуына бақылау жүргізіледі. Сабаққа көп кешігетін, түрлі себептермен қатыспайтын оқушылар жоқ. Үйірмелер, спорт секцияларына оқушыларды үнемі қатыстыру ұйымдастырылған. Мектебімізде әлімжіттік, күш көрсету, бопсалау болмайды, үнемі оқушыларымыз бақылауда, іс-шаралар түсінік жұмыстары жүріп тұрады. Оқушылар арасында намысына тиген, қорқытып, зәбір көрген, зардап шеккен оқушылар жоқ. Оқушылардың қатарластарынан, ата-ана, мұғалімдерден еш қоқан-лоққы, күш көрген оқиғалар болмады. Сонымен қатар оқушымен мектеп, мұғалім арасында қарым-қатынастары жақсы, түсініспеушіліктер жоқ екендігі өз сөзінде айтып өтті. 

Кездесу барысында «Буллингтен қалай қорғануға болады?» тақырыбында жаднамамен таныстырылып, оқушылар өз ой-пікірлерімен бөлісті. «Кибербуллинг деген не?», «Әлімжеттілік», «Буллинг», «Интернетке тәуелділік» тақырыптарында презентация, слайд көрсетілді.  


Анықтаманы жазған   мектеп   психологы               Н.К.Мухаева