Апталық қорытындысы » Ш.Байбатшаев атындағы орта мектеп
Жетісу облысы білім басқармасының
Панфилов ауданы бойынша білім бөлімінің
"Ш.Байбатшаев атындағы орта мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72774) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72774) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
17
октябрь
2023

Апталық қорытындысы

Мектептің жылдық жоспарына сәйкес 09-16.10.2023 ж аралығында «Қырандар пән бірлестігінің «Спорт-таусылмас азық, өнер-сарқылмас байлық» тақырыбында   апталық болып өтті. Апталықтың іс шара жоспары құрылып бекітілді, сол жоспарға сәйкес тақырыптық ашық сабақтар мен сабақтан тыс іс-шаралар өткізілді.

     Апталықтың негізгі мақсаты: Оқыту үрдісінде озық педагогикалық технология элементтерін пайдалана отырып, оқушыларды өзіндік жұмыс істеуге үйрету, білім сапасын арттыру, тәжірибелі мұғалімдердің озық әдіс-тәсілдерін насихаттау.  Апталық барысында  ашық сабақтар, сыныптан тыс  іс-шаралар, қол өнер көрмесі, сурет көрмесі, семинар сабақ, спорттық жарыс, би сайысы болып өтті. 

    Бірлестік мүшелері 09 қыркүйек күні апталықтың ашылуын таңғы жаттығулар және спорттық биімен ашып, іс-шара жоспармен таныстырды. Аптаның соңына дейін күнделікті ашық сабақтар мен сабақтан тыс , іс-шаралар жалғасын тапты.

09 қазан күні Дене шынықтыру пәнінен Қоспағарова Г

сынып оқушыларымен «Доппен қозғалмалы ойындар» тақырыбында  ашық сабақ өткізді.  Сабаққа 10 мұғалім қатысты. Сабақ кезеңдері бойынша жүргізілді. Оқушылар белсенділігі жоғары. Жалпы дамыту жаттығуларын жануарлардың іс қимылы арқылы орындады.

09 қазан күні Дене шынықтыру пәнінен Мустафаев Т  

сынып оқушыларымен «Ойын әдісін жақсарту. Волейбол допты төменнен беру, қабылдау» тақырыбында   ашық сабақ өткізді.  Сабаққа 8 мұғалім қатысты. Оқушыларды сапқа тұрғызып, саптық жаттығуларды орындату арқылы өткізді. Оқушылардың сабаққа деген қызығушылығы жоғары.

10 қазан күні Адилшаева Г, Оспанов Р  «Интелектуалды сайыс» өткізілді.

7 сынып оқушылары арасындаСайысқа 5-9 сынып оқушылары және мұғалімдер қатысты.

11 қазан күні Көрекем еңбек пәнінен қыздар тобына Адилшаева Күлжан  

сынып оқушыларымен «Құрақ құрау өнердің қайнар көзі» тақырыбында ашық сабақ өткізді. Сабаққа мұғалім қатысты. Сабақ кезеңдері бойынша жүргізілді. Оқушылар белсенді, сабақта тігін машинасымен жұмыс жасады. Сабақ жақсы деп бағаланды.

11 қазан күні дене шынықтыру пәнінің мұғалімдері «Асық аті, бес асық» тақырыбында мұғалімдермен семинар сабақ өткізді. Семинар сабақта ұлттық ойындар ережесімен таныстырылып, топқа бөлініп мұғалімдер ойын ойнады. Ойын қорытындысы бойынша марапатталды.

12 қазан күні АӘД пәнінен 10 сынып оқушыларымен Оспанов Ж «Бір орында орындалатын бұрылыстар» тақырыбында ашық сабақ өткізді. Сабаққа 8 мұғалім қатысты. Сабақ кезең бойынша жүргізілді. Мұғалім шеберлігі жоғары, оқушылар белсенді.

13 қазан күні Көрекем еңбек пәнінен  сынып ұлдар тобына Оспанов Р «Анимация. Қозғалатын элементтер» тақырыбында ашық сабақ өткізді. Сабаққа мұғалім қатысты. Сабақ кезең бойынша жүргізілді. Оқушылар сабаққа белсенді түрде қатысып отырды. Оқушыларды екі топқа бөліп, топтық жұмыс жүргізді. Сабақ жақсы деңгейде өткізілді.

13  қазан күні дене шынықтыру пәнінің мұғалімдері жас мамандар және 9-11 сынып оқушыларымен «Көңілді сөре» эстафеталық ойындар өткізді. Сайыс өз деңгейінде ұйымдастырылды. Қатысушылар белсенді. Жеңімпаз топтар мақтау грамотасымен марапатталды.

16 қазан күні «Қырандар» пән бірлестік мүшелері «Жұлдызды сәт» ұлттық би сайысын ұйымдастырып, апталықтың жабылу қорытындысы болып өтті. «Жұлдызды сәт» сайысында ұстаздар қатысып, өнерлерін көрсетті. Апталықта спорттық жарыс, би сайысына белсене қатысқан оқушылар және мұғалімдер мақтау грамотасымен марапатталды.