2021-2022 оқу жылындағы оқу –әдістеме үрдісіне педагогикалық талдау қорытындысы » Ш.Байбатшаев атындағы орта мектеп
Жетісу облысы білім басқармасының
Панфилов ауданы бойынша білім бөлімінің
"Ш.Байбатшаев атындағы орта мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72774) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72774) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » 2021-2022 оқу жылындағы оқу –әдістеме үрдісіне педагогикалық талдау қорытындысы
15
февраль
2023

2021-2022 оқу жылындағы оқу –әдістеме үрдісіне педагогикалық талдау қорытындысы

«Ш.Байбатшаев атындағы орта мектеп коммуналдық мемлекеттік мекемесі

            2021-2022 оқу  жылындағы оқу –әдістеме  үрдісіне

педагогикалық талдау қорытындысы


Талдау мақсаты:

1.  Мектептің оқу-тәрбие үдерісінің жүргізілуіне педагогикалық талдау жасай  отырып, 2022-2023 оқу жылының педагогикалық проблемасын анықтау.

2. 2022-2023 оқу жылының  оқу тәрбие процесін  жоспарлауда    диагностика нәтижесінде айқындалған проблемалармен қиындықтарды  есепке ала отырып,  жаңа міндеттер қабылдау;

Мектептің  оқу-тәрбие үрдісінің  басты міндеті:

Білім алушылардың өткен оқу жылындағы білімін толықтыра отырып, жаңа оқу жылының бағдарламасын жүзеге асыру


     «Ш.Байбатшаев атындағы орта мектеп»  КММ-нің ұжымы білім беру бағдарламаларының іске асырылуы мен білім беру жүйесінің дамуын қамтамасыз ету мақсатында заңды нормативтік құжаттарға сүйене отырып жұмыс жүргізді. Мектептің барлық оқу үрдісінде ҚР «Білім туралы» Заңы, Білім стандарты, Оқу жоспарының  базистік, типтік жұмыс жоспары және әр пән бойынша бағдарламаны негізге ала отырып оқу ісі жүзеге асырылды.


       Мектеп ұжымы дәстүрлі 5 күндік кестемен жұмыс істеді, Сабақ таңертен 08.00-де басталып, түскі 14.05-ке дейін өткізілді.


           Сабақ кестесін құруда  Қазақстан Республикасы   Ұлттық экономика министрінің 2017 жылғы 16 тамыздағы № 611 бұйрығымен бекiтiлген   санитариялық қағидаларының   талаптары басшылыққа алынды. 

      Тұрақты сабақ кестесі жасалынды.Оқу жоспарындағы барлық сағаттар толық қамтылды.

       2021-2022 оқу жылында барлық пән мұғалімдері оқу бағдарламасын, тәжірибелік сағаттардың бағдарламасын орындады. Пән мұғалімдері берілген сағаттарға сәйкес күнтізбелік  жоспарларын жасап, жыл басында пән бірлістігінің отырысында қарап, мезгілінде бекітіп, күнделікті сабақ жоспарын жасауға негіз етіп  пайдаланды.

      2021-2022 оқу жылында 11 сынып комплектісі болды. Сыныптарға тоқталсам,  1-4 сыныптар – 4 комплекті, 5-9 сыныптар -5 комплекті, 10-11 сыныптар–2 комплекті. Жылдың басында 116 оқушы, ал оның ішінде қызы 52 оқушы. Жылдың аяғында жалпы оқушылар 112 оқушы, оның ішінде қызы 51 оқушы.


cынып


Оқушы саны

 І тоқсан  білім сапасы

ІІ тоқсан

білім сапасы

ІІІ тоқсан

білім сапасы

ІҮтоқсан білім сапасы

Өзгеріс

1-4

46/18

64,7%

48,9%

66,7%

66,7%

Көтерілуі  17,8%

5-9

58/26

46,6%

54,4%

55%

55%

Көтерілуі   1%

10-11

12/8

66,7%

63,6%

66,7%

66,7%

Көтерілуі   3,1%

Жалпы

116/52

54,8%

59,4%

60,4%

60,4%

Көтерілу   1%




Аптасына болатын пәндер  1 сағат оқу жүктемесі кезінде БЖБ-ны  тоқсанда екі реттен артық емес жүргізу, алынған БЖБ балдарын барлық тоқсанға қойылған, ФБ (формативті бал) + БЖБ балын қосылып І жарты жылдыққа баға шығады. 

    Тоқсан сайын  оқу пәндерін, өткізу күні мен уақытын көрсете отырып, бөлімдік жиынтық бағалау (БЖБ)   мен тоқсандық жиынтық бағалауды(ТЖБ)   тапсырудың икемді кестесі жасалған. Мектеп директорымен бекітілген ТЖБ алу кестесі  тоқсан сайын жасақталып салынады.Сол кестеге сәйкес пәндер бойынша тоқсандық жиынтық бағалау алынып, тексеріліп, электронды журналға балдары дер кезінде қойылады. Бағалау критерийі мен бөлім бойынша жиынтық бағалаудың нәтижесіне қатысты ата-аналарға ақпарат ұсынуға арналған рубрикаторлармен ата-аналардың танысқандығы жөнінде қолдары қойылған, модерация хаттамалары жинақ папкаларында жасақталған. Дене шынықтыру, көркем еңбек, АБӘД, музыка,ақпараттану, өзін-өзі тану пәндерінен «есептелінеді» белгісі қойылды.

Шешу жолдары:

  1. Сапасы түскен пәндермен жұмыс жасау.
  2. БЖБ мен ТЖБ әр тоқсан сайын талдау жасатып, оқушылардың білім сапасын бақылап, түзету жұмыстарын жүргізіп, оқушылардың білімін көтеру.



ҰББДҚ (Ұлттық білім беру деректер қоры)

   Ұлттық білім беру деректер қоры  бойынша жыл бойы үздіксіз жұмыс жасалды. Ұлттық білім беру қоры бойынша екі база бар. Бірі мектептің базасы, екіншісі шағын орталық. Әр тоқсан сайын келген,кеткен оқушылар жайында мәліметтер енгізіліп, шығарылып отырылды. Мектеп қызметкерлері туралы мәліметтер толықтырып отырылды. Мектептің компьютерлер, кітапхана бойынша мәлімет жинақталып жаңартылып отырды. Әр паспорт жайында ақпараттар уақытында толтырылып отырды.

      Әр сынып оқушы жайында толық мәлімет енгізілді. Барлық сыныптар бойынша оқушылар санымен сәйкес келеді. Қазіргі таңда 112 оқушы болса, шағын орталық базасында 15 тәрбиеленуші енгізілді.Мектепалды даярлық сыныптарында барлығы-9 оқушы, ал 1-11 сыныптарда 112 оқушы базада енгізіліп тұр.

    Барлық мұғалімдер компьютермен жабдықталған. Интернет желісі қосылған.

Кедергілер:

      Ұлттық білім беру қоры деректерінде өте көп ақпараттар әр күн сайын өзгеріп отыратыны басқада жұмысыма көп кедергі келтірді.

Күнделік (электрондық журнал)

     2021-2022 оқу жылынан бастап «Күнделік» электрондық журналға, мектепалды даярлық сыныптар, 1-11 сынып оқушылары, яғни 12 сынып енгізілді. Сабақ кестелері, уақыты,ата-аналар, пән мұғалімдері барлығы енгізілді.  «Күнделік» электрондық журнал бойынша мұғалімдерге, ата-аналарға, оқушыларға таныс. Электрондық журнал әр тоқсан соңында тексерілді. Аудандық білім бөлімінен де электрондық күнделік бойынша ақпарат келіп отырды. Әр апта сайын немесе ай сайын мектептер арасындағы пайыздардың жоғарғы төмен болатын жайлы есеп жіберіліп отырды. Барлық мұғалімдерге келген ақпарат бойынша «Whatsapp» желісіне салынып, ескертілді.  «Күнделік» электрондық журнал бойынша жыл бойына мұғалімдер тарапынан қиындықтар туғызды. Сонымен қатар тоқсан соңында денсаулығына байланысы ауырып қалған оқушы,денсаулығы жақсарып келген соң, кейбір ұстаздарымыз уақытында оқушылардан тапсырмаларын алмай немесе тапсырмалар алынып баллдық жүйені қоймауы қатты қынжылтты. Мұғалімдерге үнемі ескертіліп отырылды. Ұстазадар үнемі ескертіліп отыруды қажет етеді.Ескертулерді орындаған ұстаздарда болды. Апта сайын зерделегенде мұғалімдер жақсы толтырып, кемшіліктер болмағанмен тоқсан соңында пайыздар төмендеп кетеді. Бұның себебі әртүрлі. Кейбір ұстаздар сабақ өткізілді, үй тапсырмасын береді деген бөлімдерді уақытында қояды да, бағасын екі, үш күн өткесін қояды, сол себептен пайыздарын түсіріп жібереді. 

Ұсыныстар:

1.Сабаққа келмеген оқушыларды анықтап, сабаққа қатыспаса «Ж», «А» деген белгілері қажет.

2. Күнделікті ұстаздар уақытында «күнделікті кз» толтыру.

Оқу кабинеттерінің талаптарға сай жабдықталуы.

          Мектепте 22 оқу кабинеті бар. Оның 10-на ақы төленеді.3 кабинет (биология, химия, физика) арнайы жабдықталған. Барлық оқу кабинеттері талаптарға сай. Спортзал, спорттық алаң және спорт жабдықтары жеткілікті. Кабинеттердегі жылу және жарық режимдері сақталады. Өртке қарсы сигнализация жұмыс жасайды. 


 Сынып комплектісінің көрсеткіштері (үш жылдық бойынша):


Сыныптар

2019-2020 оқу жылы

2020-2021    оқу  жылы

2021-2022  оқу жылы

Динамика

МДС

9

9

10

+1

1-4 сынып

42

37

44

+7

5-9 сынып

46

62

56

-6

10-11сынып

10

9

12

+3

1-11сынып

105

108

112

+4

Сынып комплектісін салыстырғанда сынып санының аз да болса өскендігі байқалады.


Оқушылардың контингенті (үш жылдық бойынша):

2019-2020 оқу жылы

2020-2021 оқу жылы

2021-2022оқу жылы

Динамикасы

105

108

112

+4

Үш жылдық оқушылар контингентін  салыстырғанда динамика 4 оқушыға артты.


Оқушылардың қозғалысы


Сыныптар

Жыл басында оқушылар саны

Келген

Кеткен

Жыл соңында оқушылар саны

1

12/6


1/0

11/6

2

10/2

2/0

1/0

9/2

3

7/3

1/1

0/0

8/4

4

15/6

1/0

0/0

16/6

1-4

44/17

4/1

2/0

44/18

5

12/2

0/0

0/0

12/2

6

10/3

1/1

1/0

10/4

7

15/7

1/1

1/1

15/7

8

11/7

1/1

1/1

11/7

9

8/5

0/0

0/0

8/5

  5-9 сынып

56/24

3/3

3/2

56/25

  10

9/5

1/1

1/1

9/5

  11

5/4

0/0

2/2

3/2

  10-11сынып

14/9

1/1

3/3

12/7

1 – 11сын

114/50

8/5

8/5

112/50

Ұсыныс: Басқа мектептерден келген баланы алғашқы күннен зерттеп, жеке жұмыс жоспарын жасау.


Жалпы білім сапасының  салыстырмалы көрсеткіштері


Оқу мерзімі

2020-2021                  оқу жылы

2021-2022

 оқу жылы

динамика

1 тоқсан

59,2

54,8

-4,4

2 тоқсан

62,1

59,4

-2,7

3 тоқсан

62,7

60,4

-2,3

4 тоқсан

63

60,4

-2,6

жылдық

63

60,4

-2,6

     Мектеп  бойынша  білім сапасы-  60,4%, үлгерімі 100%. 



Әр сыныптардың жылдық үлгерім мен білім сапасына тоқталсақ:


Сынып 

Оқушы саны

«5»

«4»

«3»

4 тоқ сан 

3 тоқ сан

2 тоқ сан

айырмасы

үлгерім

Сынып жетекші

1 сынып

11









Акежанова С.Н

2 сынып

9

2

4

1

66,7

66,7

66,7


100

Молдабекова Р.Т

3 сынып

8

4

2

1

75

75

75


100

Тұрсынхан Ұ

4 сынып

16

3

7

6

62,5

62,5

62,5

0

100

Иманмұхамет Ш

1-4

44

9

13

       8

66,7

66,7

66,7


100


5 сынып

12

3

3

6

50

50

58,3

-8,3

100

Дұйсенғали Т.Н

6 сынып

10

1

5

4

60

60

50

+10

100

Керимбекова Г.М

7 сынып

15

2

6

8

53,3

53,3

56,3

-3

100

Келмухамедова Қ

8 сынып

11

1

6

4

63,6

63,6

54,5

+9,1

100

Мырзахметова Ж

9 сынып

8

1

3

4

50

50

50

0

100

Оспанов Р.К

5-9

56

8

23

      26

55,4

55,4

54.4

+1

100


10 сынып

9

2

4

3

66,7

66,7

62,5

+4,2

100

Куренбаева А.Д

11 сынып

3

0

2

1

66,7

66,7

66,7

0

100

Джазыбаев С.Д

10-11

12

3

10

4

66,7

66,7

63.6

0

100


1-11

112

19

42

38

60,4

60,4

59,4

+1

100



Жылдық қорытындысы бойынша 1-4 сыныптарда ең жоғары сапа                                                      2 сынып 75%, Сынып жетекшісі  Тұрсынхан Ұ.

      5-9 сыныптар арасында ең төмен сапа 50%  5 сынып, жетекшісі Дұйсенғали Т,  9 сыныптың білім сапасы 50% көрсетті, сынып жетекшісі Р.Оспанов.


2-11 сыныптар  бойынша білім көрсеткіші


І  тоқсан

ІІ  тоқсан

IІІ Тоқсан

IV Тоқсан

Жылдық

 Үлгерімі

100

100

100

100

100

Сапасы

54,8

59,4

60,4

60,4

60,4

Үздіктер

12

15

19

19

19

Екпінділер

45

45

42

42

42

Бір сабақтан «4»


Бір сабақтан «3»

3

2

1

0

6

Бір сабақтан «2»



Мектептегі оқу үлгерімінің үш жылдық көрсеткіштерін салыстырмалы түрде келесі кестеден көруге болады:


Оқу жылы

Үздік

Екпінділер

Үлгеретін оқушылар

Үлгермеушілер

Сапасы

Үлгерімі

2019-2020

17

45

41

60

100

2020-2021

18

45

37

63

100

2021-2022

19

45

51

60,4

100

Динамика

+1

-14

-2,6

       Білім сапасы 3 жылдық көрсеткішпен салыстырсақ 2,6 пайызға төмендеген, ал Білім сапасының төмендеуінің 2020-2021 оқу жылында ОНЛАЙН сабақ болып   отыр.Тағы бір себеп биылғы оқу жылында сырттан келген оқушылардың оқу үлгерімдері өте төмен болып келуінде.


Ұсыныс: 

  1. Үлгерімі төмен оқушылармен жеке жұмысты жандандыру;
  2. Жаңа технологияларды тек ашық сабақтарда  ғана емес, жүйелі қолдану;
  3. Оқушыларды жобалау жұмыстарына қатыстыруды жоспарлы түрде жүргізу, тәжірибеге негіздей отырып сабақпен байланыстыру;


   Жекелеген пәндердің білім  сапасына тоқталатын болсақ:

Пәндері

I тоқсан

ІI тоқсан


IІІ тоқсан


ІҮ тоқсан

өзергерісі

1

Қазақ тілі

67,3%

70,3%

68,5%

70,3%

+ 1,8

2

Қазақ әдебиеті

70,7%

76%

80%

76%

-4

3

Орыс тілі мен әдебиет(қазақ сыныптарында)

70%

66,3%

65,3%

66,3%

+1

4

Ағылшын тілі

77%

68,3%

66,3%

68,3%

+ 2

5

Қазақстан тарихы

62,9%

70,6%

67,6%

70,6%

+3

6

Математика 

64,8%

65,3%

65,3%

65,3%


7

Геометрия

64%

60,9%

60,9%

60,9%


8

Физика

60%

76,7%

79,1%

76,7%

-2,4

9

Химия

69,4%

58,1%

70,5%

58,1%

-12,4

10

Биология

65,7%

81%

78,6%

81%

+2,4

11

География

73,2%

73,3%

76,2%

73,3%

-2,9

12

Информатика

76,8%

76,6%

76,9%

76,6%

-0,3


Ұсыныс: әр оқу жылында жалпы білім сапасын көтеру  үшін жүйелі түрде жұмыс жасау;

Білім сапасын арттырудың тиімді жолдарын қарастыру.


Ұлттық Бірыңғай Тестілеудің нәтижесі


2021-2022 оқу жылында  11 сыныпта 3 оқушы білім алды. 3 оқушы  Ұлттық бірыңғай тестілеуге қатысамыз деп шешті.Оқу жылының басынан бастап арнайы дайындық кестесі құрылып, пән мұғалімдері қосымша сабақтар өткізіп отырды.

Байқау сынақтары қыркүйек айының  бастап 17 рет өткізілді.  Сонымен бірге жыл басынан бастап оқушылар дайындық курстарынан қосымша білім алып жүрді.

     Оқушылардың ҰБТ тапсыруға дайындықтарына  төмендегі жұмыстар негізге алынды:

  • 11 сыныптарға сабақ беретін мұғалімдердің санаты мен кәсіби дәрежесін анықтау үшін мұғалімдер туралы толық мәлімет жинау.
  • ҰБТ-ға  дайындайтын мұғалімдерге әкімшілік тарапынан көмек көрсету.
  • Эксперттік кеңес отырыстарын өткізу.
  • Практикалық семинарлар  ұйымдастыру.
  • 11 сынып оқушыларымен мектеп ішінде және ППЕНТ байқау тестілерін өткізу.
  • Байқау тестілеудің қорытындысын көрсету үшін мониторингтер жасау.
  • ҰБТ-ға  дайындық барысын тақырып бойынша педагогикалық кеңесте   қарау.
  • Ата-аналармен жұмысты ұйымдастыру.

Оқу процесіне арналған дидактикалық материал қорын жасау.

Оқушылардың ҰБТ тапсыру кезіндегі психологиялық, эмоцианалдық жүйелерін мектеп жантанушысы өткізетін тренинг арқылы жетілдіру.

Оқу жылы

Орташа ұпай

2019-2020

67

2020-2021

76

2021-2022

77.6

Үш жылдық бойынша ҰБТ нәтижелері.динамикасы өткен жылымен салыстырғанда  орташа ұпайы  1,6 ұпайға өсті

Оқушылар өз бейімділіктеріне қарай төмендегідей пәндерді таңдады және сол пәндер бойынша өткен жылғы  және биылғы жылғы ҰБТ-ның  орташа ұпайы мен динамикасы төмендегідей:


 

Пәндер

2020-2021о/ж

2021-2022/ж

Динамика

1

Оқу сауаттылығы

15,8

17,6

+1,8

2

Қазақстан тарихы

7

8,3

+1.3

3

Математикалық сауаттылық

8

8,3

+0.3


Таңдау пәндері:




4

Химия

28

13

-13

5

Биология

22,3

22,6

+0,6

6

География

           31

24,5

-6,5


Ұсыныс:

Жыл басындағы ҰБТ-ға дайындық кестесін, жұмыс жоспарын құру;

Әр тоқсан сайын эксперттік кеңес отырысын өткізу;

Бақылау тестілерін  түрлендіру,түрлі формаларын пайдалану;

Пән мұғалімдерінің жұмыстарын жандандыру, біліктілігін көтеру, шығармашылықпен жұмыс істеуді талап ету, педагогикалық жаңа технологияларды тиімді пайдаланудың  әдіс-тәсілдерін меңгеруге ықпал жасау

Математика, Қазақстан тарихы, химия, биология  пәніне көп көңіл аудару, алғашқы білім алу базасын (бастауыш сыныпта) қатаң  қадағалау;

Есеп шығарудың алгоритімін жүйелі түрде оқыту, үйрету;

Математика пәнінен логикалық есептерге баса назар аудару, әр сабаққа логикалық тапсырмалар дайындап отыру

ҰБТ нәтижесін тамыз айындағы педагогикалық кеңесте қарау.


Үйден оқытудың ұйымдастырылуы


       Мектеп бойынша оқуға жарамсыз және үйде оқытылатын оқушыларды анықтау барысында 2 сынып оқушысы Мәсәләм Нұртас медициналық сараптамасының айқындалуы бойынша оқушының құжаттарын жинақталып үйден оқытылуда.

Үйде оқытылатын оқушыны кітаппен қамтамасыз ету, тұрғын жай актісін жүргізу, ата – анасымен, отбасы әлеуметтік жағдайын анықтау,оқушының көңіл-күйін, отбасындағы хал-ахуалын анықтау бойынша мектеп психологі, сынып жетекшісі жұмыстар жүргізді.

Тоқсан сайын үйде оқытылатын оқушының сабақ кестесі бойынша мұғалімдердің баруын бақылау, ата-анасымен байланыс жасау. үнемі мектеп әкімшілігі тарапынан бақыланып отырды.

























Мектеп әдістемелік қызметінің жұмысы


         2021-2022 оқу жылында мектеп педагогикалық ұжымы «Мектеп мұғалімдерінің үздіксіз кәсіби дамуына жетекшілік ету арқылы оқыту мен оқу үдерісін дамыту» тақырыбында жұмыс жасады.

Мақсаты: 

•          Білім сапасын арттырудың қазіргі педагогикалық технологияларын білім тәрбие беру үрдісіне енгізіп, жетілдіру;

•          Шығармашылық топтардың жаңа жүйені енгізу және жетілдірудегі жұмыс бағыттарын бекіту, мұғалімдердің ғылыми- әдістемелік деңгейін, кәсіби біліктілігін, шеберлігін дамыту.

•          Жеке тұлғаны зертханалық, ғылыми зерттеу жұмыстарына баулу

•          Білім беру қызметінің сапасын арттыру

•          Мұғалімдердің оқытудың цифрлық түрін қолдану үлесін арттыру

Мiндеттерi:

- •        жоғары оқу орындарымен тығыз байланыс жасай отырып, оқушылардың зерттеу-ізденушілік бағытындағы жұмыстарын дамыту;

•          пәндік олимпиадаға, ғылыми жобаға дайындықтың тиімді тәсілдерін қарастыру;

•          мұғалімдердің шығармашылық кезеңдер жоспары бойынша жұмыстарының жүйелі жүргізілуін, өз іс-тәжірибесін өзіндік жұмыстары(авторлық бағдарлама, жинақтар, әдістемелер) арқылы жинақтап, қорытындылауын қолға алу

•          мұғалімдердің шығармашылық тақырыбы бойынша жұмыстарын жаңартылған білім беру мазмұнын енгізу бағытында жүргізіп, жаңа форматтағы тапсырмалар жинағын дайындауға көңіл қою

•          күнделікті білім беру үрдісінде әлеуметтік желілерді, бұлтты сервистерді, QR-кодтау технологиясын тиімді қолдану;

•          күнделікті тәжірибеде Quizizz, Kahoot, Quzle, Padlet, Plikers, интерактивті білім беру қосымшаларын қолданатын мұғалімдер үлесін арттыру

•          әр бірлестікте инновациялық жобалармен жұмысты енгізуді қолға алу

•          жаңа технологияларды тиімді қолдана отырып, білім сапасын арттыру.



КАДР  ҚҰРАМЫ

       Бүгінгі таңда мектепте 32 педагог қызмет істеуде, соның ішінде 30 пән  мұғалім, 1 тәрбиеші, 1 педагог ұйымдастырушы, 1 психолог,                                    1 әлеуметтік педагог, 1 кітапханашы.

Оның ішінде жоғары білімді 26, арнайы орта  білімі бар-6 мұғалім.

Негізінде педагогтарда оқытатын пәндеріне сай келетін базалық жоғары білімдері бар.

Педагогтар арасында оқу жүктемесін педагогикалық мақсатқа лайықты тарату жұмысы үнемі  қадағаланып отырылады. Мектеп педагогикалық кадрлармен толықтай қамтамасыз етілген.  







Педагогикалық ұжымның сандық және сапалық көрсеткіші

Оқу жылы

Мұғ саны

Жоғары білімді

Арн. орта білімді

Сапасы%

Жоғары санатты

Бірінші санатты

Екінші санатты

Санаты жоқ

Сапасы%

2020-2021

29

25

4

86,2%

6

2

3

4

27,5%

2021-2022

32

26

6

81,2%

3

2

3

8

15,6

Динамика

+3

+1

-2

-5%

-3

0

0

-1

+11,9%

Педагогикалық кадрларының еңбек өтілі бойынша құрамы

Оқу жылы

Барлық мұғалімдер саны

3 жылға дейін  

3-5 жыл

6-10 жыл

11-15 жыл

16-20 жыл

  20 жылдан жоғары

2020-2021

29

4

5

2

3

9

6

Үлесі

20,6%

13,7%

17,2%

6,8%

10,3%

31,1%

20,6%

2021-2022

32

3

3

5

2

9

9

Үлесі

18,7%

9,3%

9,3%

15,2%

6,2%

28,1%

28,1%


      Педагогикалық ұжымның көпшілігін, яғни 28,1 пайызын еңбек өтілі 16-20 жыл және 20 жылдан жоғары мұғалімдер құрайды. 


Педагогикалық кадрларының  жасы бойынша құрамы


Оқу жылдар

Барлық мұғалім саны

25 жасқа дейін

25-34

35-44

45-54

55-64

Зейнеткерлер

2020-2021

29

2

4

11

5

4

         0

Үлесі

5,8%

6,8%

13,7%

37,9%

17,2%

13,7%

2021-2022

32

4

6

11

6

5

0

Үлесі

6,4%

2,2%

18,7%

34%

18,7%

0

       Ұжымның басым бөлігі 35-44 жас аралығындағы мұғалімдер.  Барлығы 34 пайызды құрайды. Биылғы оқу жылында зейнеткер мұғалімдер жұмыс жасаған жоқ. Келесі оқу жылында 1 мұғалім зейнеткерлікке кетеді.


Мектептің педагогикалық кадрларын кәсіби дамыту жүйесі.


      2021-2022 оқу жылында жаңа форматты аттестация өтуге   барлығы  12  мұғалім   өтініш  берді. Соңғы оқу жылының штаттық мұғалімдердің сапалық көрсеткіштерін талдаса, зерттеуші және сарапшы санаттағы мұғалімдер пайыздық көрсеткішпен алғанда 25% құрайды. Бұл былтырғы жылға қарағанда +7,8  пайызға  динамика көтерілгенін көрсетеді. Ал білімі бойынша мұғалім санының көбеюіне байланысты динамика төмендеп тұр.



Оқу жылы

Мұғалім саны/ аттесталатын

Педагог шебер

Педагог-зерттеуші

Педагог-сарапшы

Педагог-модератор

%

Тестілеуден өтпеген мұғалімдер

2021 (қаңтар)

29/6

0/0

0/01

0/0

6/3

19,7%

3

2021 (тамыз-желтоқсан)

32/12

0

1/1

5/2

6/1

10,7%

8

2022 (қаңтар — шілде)








        2021 жылы барлығы 12 өтініш берілді. Яғни 1- ші тестілеуден өте алмаған 8 мұғалім (Оспанов Ж, Нургалиева Г, Кермибекова Г, Джазыбаев С, Баймолдаев Қ, Келмухамедова Қ, Чилдибаева А, Мырзахметова Ж)  екінші қайтара тағы өтініш берді, Қазіргі таңда мектепте барлығы 32 мұғалім, яғни  ұжымның 37,5 пайызы жаңа форматты біліктілік санатына ие. 


Әдістемелік бірлестіктер.

     2021-2022 оқу жылында да 6 әдістемелік бірлестік жұмыс жасады. Бұйрық бойынша бірлестік жетекшілері тағайындалып, пән апталықтары өткізілді.

Пән апталықтарының өту деңгейі жақсы болды. Бірлестік жетешілерінің апталықты ұйымдасытыруда ешқандай қызығушылық танытпай, жауапкершіліксіз қараған кездері де болды. Жоспарды және талдаулар  уақытында тапсырылды. Жақсы деңгейде : «Зейін», «Ұлағат»,                « Жерұйық» , «Руханият» «МИФ» , бірлестіктердің апталықтары жіне Жас мамаандар апталығын атап өтуге болады.   «Қырандар» пәндер бірлестігінің жоспарлаған апталық өтпеді.

Ұсыныс: 2021-2022 оқу  жылында  ӘБ жетекшілеріне апталықтың өту формасы жайлы нақты нұсқаулық беру.


     «Керуен» желілік қоғамдастық жұмысы

     Жаңа әдіс тәсілдерді және оқыту үшін бағалауды іс- тәжірибеге енгізе отырып,тәжірибе бөлісу мен алмасуға бағытталған орта құру және сапалы білім жүйесін дамытуға арналған оқу кеңістігін ұйымдастыру мақсатында «Керуен» деп аталатын желілік қоғамдастық өз жұмысын жалғастырды.  Қоғамдастық құрамына деңгейлік оқуды аяқтаған сертификатталған мұғалімдер кірді. Биылғы оқу жылында жаңадан 3 мұғалім жұмысқа кірді, Жалпы сертификатталған мұғалімдер саны -5 еу , декреттік демалыста 1 мұғалім отыр.

МДЖ елімізде ТЖ енгізуге байланысты уақытында толық орындалмады. Жоспарды келесі оқу жылында жалғастыру жоспарланып отыр.

Қоғамдастық мүшелері педагогикалық кеңестің шешімі бойынша  білім сапасы төмендеген  сыныптарға Лессон стади жүргізілген  болатын.                                                                                                            Тақырыбы: «Зерттеу сабақтары арқылы зерттеуге қатысатын сыныптардың білім сапасын көтеру»  

Ұсыныс:

  • Келесі оқу жылында сертификатталған мұғалімдер мектептің дамуына өз үлесін қосуға жағдай жасау. 
  • Нақты жоспарға сай жұмыс жасалуды қадағалап отыру.

Жас мамандармен жұмысты ұйымдастыру бағыты.

   2021-2022 оқу жылында барлығы 7 жас маман жұмыс жасады. Барлық ұжымның 28 пайызын құрайды.

Жас мамандармен  биылғы оқу жылында жоспарға сай жұмыстар жүргізілді. Ықшам сабақтар, дөңгелек үстел,  коучингтер ұйымдастырылды. Жылдың қорытындысы бойынша Дұйсенғали Т.Н. «Үздік жас маман-2022» номинациясына ие болды. 

Биылғы оқу жылында 1 жас маман педагог – модератор біліктілік санатын алды.  Келесі оқу жылына 1 мұғалім өтініш берді. Биылғы оқу жылында жас мамандармен  бірлесе атқарылған жұмыстар да аз емес.

  Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінң мұғалімі Т.Дұйсенғали Бейсен Құранбек атындағы облыстық "Mi Battle"интеллектуалдық олимпиадасына қатысып алғыс хатпен марапатталды.

"Алаш мәдениеті" ҚБ-гі ұйымдастырған "Оку -тарбие процессінде пікір сайыс элементтерін қолдану арқылы жетістікке жету. Интеллектуалды пікір сайыс алаңын дамыту атты оқыту практикалық семинар нәтижелі аяқтағаны үшін қазақ тілі мен әдебиеті пәнінң мұғалімі Т.Дұйсенғали сертификат және алғыс хатпен марапатталды.

    Мұқағали Мақатаевтың шығармашылығынан Республикалық онлайн өнер -білім байқауынан үздік жетекші ұстаз дипломмен мараптталды. Аудандық "Педагогикалық тандем" байқауында

    Информатика пәнінің мұғалімі М.Ыбрай «Мен осылай жасаймын» атты жас мамандар арасында  аудандық байқауға қатысып ІІ орынмен марапатталды.


Ұсыныс:

Жас мамандар арасында мақала жазу, кәсіби сайыстарға қатысу деңгейі төмен. Соған байланысты жас мамандармен жұмыс жоспарына осы бағыттағы жұмыстарды ұйымдастыру жөнінде шебер-сыныптар мен коучингтер жоспарлау.


   Аудандық, аймақтық семинарлар өткізу туралы мәлімет

2021-2022 оқу жылында «Білім беру мазмұнын жаңарту үрдісінде оқушылардың білімін бағалаудың тиімділігі» тақырыбындағы аймақтық 1семинар өткізілді. Семинар мақсаты: Білім беру мазмұнын жаңарту үрдісінде әдіс-тәсілдер мен бағалаудың тиімділігін пайдалана отырып оқушылардың функционалдық оқу сауаттылығын арттыру.                                                                                                                Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі А.Куренбаева «Бұқаралық ақпарат құралдары» тақырыбында 9 сынып оқушыларымен ашық сабақ және биология пәнінің мұғалімі А.Ахатаева 6 сыныппен «Қозғалыс. Салыстырмалы қозғалыстың мысалдары» тақырыбында жаратылыстану пәнінен ашық сабақ өтті.

Бастауыш сынып мұғалімі Р.Молдабекова мұғалімдер «Lesson Study» үдерісін оқытуды жетілдіру және онын сапасын арттыру құралы ретінде мектепте «Lesson Studyді» пайдалану үшін әріптестермен қалай ынтымақтастық орнатуға болатынын; «Lesson Study» кезінде әріптестерге қалай қолдау көрсетуге болатынын жайлы іс-тәжірибесімен бөлісті.  

Сонымен қатар аудан, облыс, республика деңгейінде ұйымдастырылған семинарларға да мұғалімдеріміз қатысып жүр.




   Кәсіби біліктілік көтеру курсынан өткен мұғалімдер туралы мәлімет

Жалпы мектепте  32 пән мұғалімінің 6- уі курс өтті. Бұл 18,7 пайызды құрап отыр.


 Мұғалімдердің баспасөз беттеріне шығарған мақалалары туралы мәлімет

2021-2022 оқу жылында аудандық, облыстық және республикалық деңгейдегі баспасөз беттерінде мектеп өмірінен мәлімет беретін шағын мақала және әдістемелік маңызы бар мақалалар да жарық көрді.  Барлығы   мақала жарияланды.


Жылы 

Мақала саны

аудандық

Облыс

Республика

Халықаралық

2021-2022

8

3

1

4

0

Үлесі

25%

12%

3%

12,5%

0

  2021-2022 оқу жылында мақала жазу деңгейі артты.  Былтырғы жылдың ұсынысы бойынша мектепте мақала жазу жоспары құрылды. Соған байланысты мұғалімдер арасында әдістемелік мақала жазу деңгейі көбейді. 


Пән мұғалімдерінің өткізген ашық сабақтары, сыныптан тыс іс-шаралары, коучинг, конференциялар туралы мәлімет.

Жылы

Коучинг

Іс — шара

Ашық сабақ

аудан

облыс

Республика

2021-2022

8

23

50

0

0

2

Үлесі

25%

7,1%

15,6%

0%

0%

6,2%

   2021-2022 оқу жылымен салыстырғанда коучингтер мен іс-шаралар өткізуде , ашық сабақ беруден динамикасы өскен.

Биылғы оқу жылында баяндамалар оқып,  конференцияларға биылғы  жылы 12 мұғалім қатысып, сертификаттарға ие болды. 

Авторлық жұмыстар және оң тәжірибе тарату.

Биылғы оқу жылында   авторлық жұмыстар іс  тәжірибе таратылмады.



Авторлық жұмыс

Тәжірибе тарату

Аудан

Облыс

Республика

2021-2022

0

0

0

0

0

Үлесі

0%

0%

0%

0%

0





 Мұғалімдердің кәсіби сайыстарға қатысуы туралы мәлімет

      Мектеп мұғалімдері түрлі деңгейдегі қашықтық әрі тікелей қатысуды талап ететін кәсіби сайыстарға қатысып, көптеген жүлделі орындарға және сертификаттарға ие болды. 2021-2022 оқу жылында сайыстарға қатысу бойынша мұғалімдердің көрсеткіштері әлдеқайда жоғары екендігі байқалды.



Барлығы

Сайысқа қатысқан мұғалімдер саны

Аудан

Облыс

Республика

Халықаралық

2020-2021

29

2

2

0

0

0

Үлесі


6,8%

6,8%

0%

0%

0%

2021-2022

32

4

3

1

0

0

Үлесі


12,5

9,3

3,1

0

0

Динамика


+2

+1

+1

0

0

Мұғалімдердің кәсіби сайыстарға қатысу деңгейі +2 пайызға артып отыр. Жаңа форматты аттестаттауға байланысты мұғалімдер қашықтық сайыстар мен олимпиадаларға жиі қатысады.

Ұсыныстар: іштей ұйымдастырылатын аудандық, облыс деңгейіндегі сайыстарға белсене қатысу керек.


Оқушылар жетістікттері


Аудандық Зерде» Кіші Ғылыми байқауына 2 сынып оқушысы Құрманбек Жомарт қатысып 1  орынмен марапатталды.                  

Аудандық «Абайдың қарасөздері» номинациясы бойынша Абай қарасөздерін мәнерлеп жатқа айтудан 9-сынып оқушысы Тоқтасын Аруна 3-орын

Аудандық «Ұлылар әлемі» Абай мен Шәкәрімнің шығармашылығына, рухани болмысына қатысты тақырыпқа эссе жазу номинациясы бойынша  9-сынып оқушысы Ақан Шұғыла 1-орын

Аудандық Мағжан оқулары байқауында «Өлең—менің Шолпаным,Айым,Күнім» номинациясы бойынша Мағжан өлеңдерін мәнерлеп жатқа айтудан 10-сынып оқушысы Жетпісбай Айназ 1-дәрежелі диплом

Аудандық «Толқынмен толқын сырласып...»  номинациясы бойынша Мағжан Жұмабаевтың шығармалары бойынша зерттеу жұмыстары 9-сынып оқушысы Дюсенбекұлы Дәурен ІІ дәрежелі диплом

Аудандық «Ә.Кекілбаев» оқуы байқауында Әбіш шығармаларын мәнерлеп оқу номинациясы бойынша  10-сынып оқушысы Жетпісбай Айназ 2-орын

Аудандық «Қадыр Мырза Әлі оқуы» байқауында «Сөздің бәрі құдіретті...» атты ақын шығармаларын  жатқа оқу конкурсында 6-сынып оқушысы Байсанаева Инабат 3-орын

КИО интернет Республикалық қашықтық олимпиадасы «Педагогиака: дәстүрлер және инновация» Мадақтама І орын, Абай ата ұрпақтары мектеп оқушылары мен колледж студенттерінің «ХХІ ғасыр балабақшасы» тақырыбында жазған эссе байқауы 8-сынып оқушысы Жұман Алина ІІ орын. 

Аудан мектептері арасында Ағылшын тілі пәнінен «Do you speak English?» тақырыбында 5-6 сыныптар арасында ұйымдастырылған қуыршақ қойылымдарына қатысып ІІ орынды иеленді.

Ақпан айында Алматы қаласында өткен Ә. Молдағұлованы еске алу облыстық турнирге 8 сынып қыздары қатысып ІІІ орын грамота медалімен марапатталды.


Мектепішілік бақылау жұмысы арқылы мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартының орындалуына бақылауды ұйымдастыру   жағдайына талдау.

   2021-2022 оқу жылында жалпыға міндетті білім беру стандартының орындалуын бақылау мектепішілік бақылау жоспары негізінде жүзеге асырылды.

Мектепішілік бақылау жұмыс жоспарына сәйкес төмендегі бағыттар бойынша бақылаулар жүргізіліп өткізілді.

  1. Нормативтік құжаттардың орындалуын бақылау
  2. Талаптарға сәйкес мектеп құжаттамасының жүргізілуін бақылау
  3.  Оқу процесінің сапасын бақылау
  4. Білімнің олқылықтарын толтыру және төмен көрсеткіштермен жұмыс істеу бойынша жұмыстарды бақылау
  5.  Оқу-зерттеу қызметі
  6. Мұғалімнің шеберлік және әдістемелік дайындық жағдайының деңгейін бақылау
  7. Тәрбие үрдісінің процесін, өткізілген іс –шаралардың сапасын бақылау
  8. Материалдық-техникалық базаның нығаюын бақылау

Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттың орындалуын бақылау жұмысы төмендегі міндетті  алқалы жиындарда қаралып,қаралып, түрлі шешімдер қабылданып отырды

  1. педагогикалық кеңес;
  2. әдістемелік кеңес;
  3. кіші педагогикалық кеңес
  4. директор жанындағы кеңес;

Қабылданған шешімдердің орындалуын жүзеге асыру қамтамасыз етіліп отырды.

          Күшті және әлсіз жақтарын анықтау мақсатында,    

          қорытынды педагогикалық кеңесте SWOT-талдау жасалды:


Күшті жақтар

1.Мектеп ұжымында жағымды психологиялық ахуалдың қалыптасуы

2.Әдістемелік қызметтің тиімді ұйымдастырылуы.

3. Оқу кабинеттерінің талапқа сай жабдықталуы.

4.Күнделік.KZ білім жүйесінде жұмысты үздіксіз жүргізілуі

5.Спорттық жетістіктер

6.Жас мамандардың аудандық, облыстық сайыстарға қатысып орындарға ие болу

7. Шығармашылықпен жұмыс істейтін ұстаздардың бар болуы, олардың  қозғаушылық күші. Озат тәжірибе  аламасу жұмысының жақсы ұйымдастырылуы

8.Мұғалімдердің пән  бойынша білім жетілдіру курсынан өту.

9.Аудан көлемінде өтетін түрлі оқулар мен ақындар мүшәйрасында оқушылар жүлделі орындар алуы.

Әлсіз жақтар

1.Білім сапасының былтырғы жылмен салыстырғанда төмендеуі (63,60,4%)

2.Сабақты зерттеу деңгейі төмен болуы. 

3.Облыстық, республикалық пән олимпиадасына оқушы қатыспағаны  

4.Сыныптардың төмен білім сапа көрсетуі 5-сынып 50%, 9- сынып 50%,

5.Химия пәнінің төмен пайыз көрсетуі. Пән мұғалімі Қ.Келмухаметова

6.Жаңа ереже бойынша аттестаттаудан 8 мұғалім тестен жеткілікті деңгейде балл жинай алмау



Мүмкіндіктер

1. Білім сапасының артуымен мектептегі озат,екпінді оқушыларымыздың санын

көбейтуге, сапалы білім беруге мүмкіндігіміз бар.

2.ҰБТ көрсеткішін жоғарылатуға, гранттар санының көбеюіне, мамандықты дұрыс таңдауына бағыт беруге мүмкіндік бар.

3.Мектепті әлі де дамытуға, жаңашылдықпен басқаруға, педагогтар құрамының сапасын арттыруға мүмкіндігіміз бар.

4. Кәсіби байқауларға қатысып, озат тәжірибе алмасуға, авторлық бағдарлама шығаруға мүмкіндігіміз бар.

5.Желілік қоғамдастықтың жұмыстарын жандандыруға мүмкіндік бар.

6.Жаңадан келген педагогикалық кадрларды жаңартылған білім беру мазмұны бойынша курстардан өткізіп алу

7.Олимпиада резервтерімен жүйелі жұмыс жүргізу мүмкіндік бар

6.Үлгерімі төмен оқушылармен жұмысты жандандыру

Қауіптер

1.Жаңа ереже бойынша аттестаттаудан мұғалімдердің тестіден жеткілікті деңгейде балл жинай алмауынан мұғалімдер біліктілігінің төмендеу қаупі.

2.Физика пәні мұғалімнің жетіспеуінен білім сапасының төмендеу қаупі;

3.Жоғары сыныптарда оқушылардың азаюы