"Жыл мұғалімі-2024" байқау » Ш.Байбатшаев атындағы орта мектеп
Жетісу облысы білім басқармасының
Панфилов ауданы бойынша білім бөлімінің
"Ш.Байбатшаев атындағы орта мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72774) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72774) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
30
январь
2024

"Жыл мұғалімі-2024" байқау

 Қаңтар айының мектепішілік бақылау мен басшылық жоспарына сәйкес 30-қаңтар күні мектепішілік «Жыл мұғалімі-2024» байқауы өткізілді. Байқаудың мақсаты шығармашылықпен  жұмыс істейтін, талантты, ой –өрісі биік, парасатты, өзіндік авторлық жаңашыл идеzсы бар, ғылыми-әдістемелік шеберлігі зор, педагогикалық мәдениеті жоғары, жан-жақты дамыған мұғалім мәртебесін көтеретін ерекше тұлғаны анықтау. Байқау 4-кезеңнен турдыІ кезең өзін өзі таныстыру (5 минут)
  ІІ кезең Сабақ өткізу ( 15 минут)  
  ІІІ кезең Эссе (10 минут)
  ІҮ кезең Импроизациялық тапсырма (3 минут)
Байқауда 6 ұстаз бағын сынады. Қорытындысы бойынша "Жыл мұғалімі-2024" І орынмен бастауыш сынып мұғалімі М.Аринова, ІІ орынмен ағылшын пәні мұғалімі А.Тоқтабек, ІІІ орынмен қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі А.Келмуханбетова  марапатталды. Сонымен қатар конкурсқа қатысқан басқа да ұстаздарға түрлі номинациялар табысталды. Мұғалімдер мектеп директорының құрмет грамотасымен және  сыйлықтармен марапатталды. Жиын соңында мектеп директоры сөз алып, жеңімпаздарды құттықтады.