2022-2023 оқу жылына арналған мектеп психологының жұмыс жоспары
2022-2023 оқу жылына арналған мектеп психологының жұмыс жоспары
Мақсаты:
Білім алушылардың, тәрбиеленушілердің психологиялық денсаулығын сақтау. Орта білім беру ұйымдарында қолайлы әлеуметтік-психологиялық ахуал жасау және білім беру процесіне қатысушыларға психологиялық қолдау көрсету.
Міндеттері:
1) Білім алушылардың, тәрбиеленушілердің жеке және зияткерлік дамуына жәрдемдесу, өзін-өзі тәрбиелеу және өзін-өзі дамыту қабілетін қалыптастыру;
2) Білім алушыларға, тәрбиеленушілерге, олардың тез дамып келе жатқан ақпараттық қоғам жағдайында табысты әлеуметтенуіне психологиялық көмек көрсету;
3) әрбір білім алушыға, тәрбиеленушіге оның жеке базы психологиялық-педагогикалық зерттеу негізінде жеке көзқарас қалыптастыруға ықпал ету;
4) Психологиялық диагностика жүргізу және білім алушылардың, тәрбиеленушілердің шығармашылық әлеуетін дамыту;
5) Білім алушылардың, тәрбиеленушілердің психологиялық қиындықтары мен проблемаларын шешу бойынша психологиялық түзету жұмыстарын жүзеге асыру;
6) Психологиялық проблемаларды шешуде және оқу-тәрбие жұмысының оңтайлы әдістерін таңдауда ата-аналарға (заңды өкілдерге) және педагогтерге консультациялық көмек көрсету;
7) Білім беру процесіне қатысушылардың психологиялық-педагогикалық құзыреттілігін арттыру.
Бағыттары:
1. Психодиагностика
2. Кеңес беру жұмысы.
3. Ағартушылық және психопрофилактикалык қызметі.
4. Дамыту және түзету жұмыстары.
5. Әлеуметтік-диспетчерлік жұмыс.