Педагог-психологтың I-жарты жылдық бойынша қорытынды есебі » Ш.Байбатшаев атындағы орта мектеп
Жетісу облысы білім басқармасының
Панфилов ауданы бойынша білім бөлімінің
"Ш.Байбатшаев атындағы орта мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72774) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72774) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » Педагог-психологтың I-жарты жылдық бойынша қорытынды есебі
12
февраль
2023

Педагог-психологтың I-жарты жылдық бойынша қорытынды есебі

2022-2023 оқу жылында «Ш.Байбатшаев  атындағы орта мектеп» КММ

Педагог-психологтың I-жарты жылдық бойынша қорытынды есебі


Бүгінгі таңда мектептің басты мақсаты «Оқу-тәрбие үрдісіне озық  технологияларды қолдану арқылы  шығармашылық қабілеті дамыған дара тұлға тәрбиелеу» Ол үшін педагогиканың, психологияның және психофизиологияның жалпы заңдарын кіріктіре, үйлестіре қолдануға тура келеді. Себебі, оқытудың психологиялық негіздерін білу әрбір оқушының таным деңгейін дұрыс саралауға да көмектеседі. Оқушыны жеке тұлға ретінде жан-жақты зерттеу, білу - оның даму бағытын айқындаудың басты шарты. Сондықтан да қазіргі педогогиканың, психологияның оқушының саналы әрекетіне мән бере бастауының бір себебі осында. Қазіргі мектептегі психологиялық қызмет жүйесінің атқарар істерінің ауқымы да мол. Жыл бойы  психологиялық  қызмет   5-бағыт бойынша  жүреді

  1. Психодиогностика
  2. Психопрофилактика
  3. Психокоррекция
  4. Психконсультатция
  5. Әдістемелік  жұмыстар


Мақсаты:Оқушылардың жеке және жас ерекшеліктерін, тұлғааралық өзара әрекет ерекшеліктерін зерттеу. Оқушылардың психикалық және тұлғалық дамуындағы ауытқуларды болдырмау, жалпы оқу дағдысымен біліктілікті дамыту. Педагогикалық үрдістердегі қатысушыларға мәселелерді шешуге көмектесу, психологиялық мәдениетін көтеру.

Міндеті:

Өмірге икемді, алдағы атқаратын істерді толық сезе білетін, өмірге көзқарасы қажетті дәреже таныта алатын тұлғаны тәрбиелеу;

Әрбір оқушыға мақсатты айқын мәдени - өнімдік тұлға болуға әсер ету;

Әрбір оқушының өз мінез-құлқының мүмкіндіктерін ашуға көмектесу ;

Ұжымда жағымды психологиялық хал-ахуалдың болуына әсер ету;

Жекелеген ауытқушылықтардың алдын-алу;

Бәсекеге қабілетті маман даярлауға психологиялық әсер ету.

Мектепте оқушылар, мұғалімдер, ата-аналар деп аталатын осынау санаттарды қамти отырып, психологиялық қызметке   үлес қосуда.

1 сыныпқа қабылданған бала өзіне таныс ортасын бағдарлай алады. Мінез –құлқын басқара алады (айтқанды тыңдайды , айналадағы қоршаған заттарды таниды, қарым – қатынасқа түсе алады , белгілі бір көлемде сөздік қоры бар.). Бір типтегі әрекетпен 10-12 минут айналыса алады. Бұл жастағы бала өзінің  жетістіктерін , сәтсіздіктерін өте эмоционалды жағдайда өткізеді.(бала жылайды , қуанады) 1 сыныпқа  қабылданатын балалар өзінің сыныптастарының аты-жөнін біледі,жақын дос табады т. б. 1 сыныпты оқыту – сабақ беруден емес , баланың  әрекетін ұйымдастырудан басталу керек . Алғашқы 3-4 аптада ерекше қамқорлық қажет. Баланың әр бір жетістігін мақтап отыру керек . Мысалы: «Маған сенің ықыласың ұнайды », «Рахмет  сені тыңдау өте тамаша » , «Сен жақсы жаздың », « Айтып едім ғой , сен бұны істей аласың » т. б.

1 сыныптардың  сабақтарына қатыстым және мұғалім ,  ата-аналармен кеңестер ұйымдастырдым. 


 Психологиялық бақылау

 1-сынып оқушыларын   тест алу арқылы  мектепке қабылдау

Баланың мектепке дайындығын  анықтау Керн-Йирасек әдісі

Р.с

Оқушының аты-жөні

1-тест

нүктелер

2-тест

Әріпті көшіру

3-тест

Ер адам 

суреті

Жалпы балы

1

Ильяс .Алмас

1 балл

4 балл

1 балл

6 балл

2

Керімбек.Айбар

1 балл

1 балл

1 балл

3 балл

3

Нұртәліп.Сұлтан

1 балл

1 балл

2 балл

4 балл

4

Серікжан.Хадиша

2 балл

2 балл

4 балл

8 балл

5

Тұралбай.Әли 

1 балл

1 балл

1 балл

3 балл

6

Керімбек.М

1балл

1 балл

1 балл

3 балл

7

Ғалымбек.А

1балл

1 балл

1балл

3балл

8

Шамсабек.С

5балл

2балл

4балл

8балл

9

Сламғазы.Е

2 балл

2балл

4балл

8балл

10

Жұман.А

1балл

1балл

1балл

3балл

Барлық оқушылар мектепке дайын екені анықталды.


1 сынып оқушыларының  мектепке   психологиялық  танымдық процестер:

1) Зейін; 2) ойлау; 3) естесақтау; 4) қиял; 5) сөйлеу; 6) қабылдау

. Тест 4 тапсырмадан тұрады, ол фонематикалық есту, сөздік қордың дамуы, қысқа мерзімді есте сақтау , саусақ икемі. Тест 1-10 балға дейін . Әр бір оқушыға тапсырмалар тиянақты түсіндіріліп, таратылды.

Тест тапсырмасының қорытындысы орташа болғандықтан сынып жетекшілер әр бір оқушымен жеке  көп жұмыс   жасау керек. Психолог жағынан сынып жетекшілерге оқушының  фонематикалық есту, сөздік қордың дамуы, қысқа мерзімді есте сақтау , саусақ икемі қалыптастыруға жеке көмек көрсетіледі.

1-11  сынып  оқушыларынан Н.Лусканов сауалнамасы «Мектеп мотивасиясы»

«Менің жанұям»,»Өзін-өзі бағалау», «Социометрия әдісі» «Мінезің жайлы ма?»; Психогеометриялық тестер алынды.

 1  қазан «Қарттарым асыл қазынам»  тақырыбында қарт зейнеткер ұстаздарымызды шақырып оқушылармен кездесу ұйымдастырып,оқушыларды үлкенді сыйлау,адамгершілікке тәрбиелеу мақсатында  өткізілді. 

Қазан айында 5 сынып оқушыларымен орта буынға бейімдеуге  оқушылардан сауалнама,тест, алынды.

5 сынып  Танымдық процестер:  1) зейін; 2) ойлау; 3) есте сақтау; 4) қиял

5 сынып оқушыларынан психологиялық түрғыда тест алынды. Тест жұмыстарының қорытындысы төмендегідей нәтижелерді көрсетті 10 бал көрсеткішімен бағаланады


Оқушының аты-жөні

Зейін

ойлау

Есте сақтау

Қиял

1

Айтқожа.З

8

7

8

8

2

Ақан.Б

6

7

8

8

3

Еркінғали.А

5

6

6

7

4

Жұман.Ұ

8

6

7

6

5

Марданова.Н

5

6

5

5

6

Нақысбек.Е

8

7

8

8

7

Нұртәліп.І

5

4

3

3

8

Омарбек.А

7

5

6

5

9

Шамсабек.А

3

3

2

2

10

Юлдашұлы.М

5

6

5

6

11

Ғалымбек.Қ

5

7

5

7

12

Ерсұлтан.А

5

6

7

7

13

Жайырбек.Ш

8

8

7

8

14

Тұраппек.А

8

8

9

9








5 сынып оқушыларынан психологиялық тұрғыда тест алынды. Тест жұмыстарының қорытындысы төмендегідей нәтижелерді көрсетті 10 бал көрсеткішімен бағаланады



1. Саған мектеп ұнай ма?

2 .Сен мектепке қуанышпен барасыңба?

3. Егер мұғалім мектепке барлығының келуі шарт емес десе,сен сабаққа келесіңба?

4.Кейбір сабақтардың болмай қалуы саған   ұнайды ма?

5. Сен үйге тапсырма  бермегенді қалайсыңба?

6. Сен сабақта үзілістің көп болғанын қалайсыңба?

7. Сен ата-анаңа мектеп  жайлы көп айтасыңба?

8.Саған  мұғалімнің қатал болғаны ұнайдыма?

9.Сенің сыныпта достарың көппе?

10. Сыныптастарың  саған ұнайдыма?




р/с

Темпераменттер     саны

1

Сангвиник       40

2

Холерик           30

3

Мелонхолик     20

4











Флегматик        19







 


МАД-11 сынып оқушыларының темперамент қорытындысы


Тәрбиесі қиындық туғызатын, үлгерімі төмен оқушылар есепке алынып, жоспар жасалып, жұмыс жүргізілді. Ата-аналарға кеңестер берілді.

Ұлдар мен қыздар жұмысына ДТІЖО, медбике қатысуымен гигеналық талаптарға қазіргі қоғамда болып жатқан түрлі келеңсіз әрекеттерге бармауға кеңестер беріліп, оқушылардың пікірлері тыңдалып, түсініктер берілді. «Ерте жүктіліктің алдын алу» тақырыбында бейнеролик көрсетіліп, түсінік жұмысы жүргізілді. 

9 сынып оқушыларымен «Кәсіптік- бағдар анықтауға» тест алынды, қорытындысы жүргізілді, бағыт берілді. 


3- Психокоррекциялық   және   дамытушылық   жұмыстары

1-11 сынып оқушыларынан Мектепке, пәнге, мұғалімдерге деген көзқарастарын байқау мақсатында тест, сауалнама алынып, оқушылардың мектепке, пәнге, мұғалімдерге деген көзқарастары жақсы екені анықталды.

Бастауыш сынып оқушыларымен мектеп күн тәртібіне бейімделуіне коррекциялық сабақтар, кеңестер, тренингтік жаттығулар жүргізілді. 


Социометрия әдісі


1.Кіммен қосымша сабаққа дайындалар едің?

2 .Өз сырыңды кіммен бөлісер едің?

 3. Туған күніңе кімдерді шақырар едің?

4.  Сенде циркке 2 билет бар  соның біреуін кімге берер едің? 

5.  Тауға саяхатқа  кіммен шығар едің? 


1-4 сынып оқушылармен таным процецтерінде ақаулығы бар оқуға даярлығы төмен балалармен дамыту машықтарына жаттығу жұмыстары жүргізіліп, пән мұғалімдеріне оқушылармен үнемі қосымша сабақтар өткізіліп, ата-аналары сабақтарына қатысып отыру керек екені айтылды.

Орта буын оқушыларымен   жеке   тұлғалық  мінезіне  «Өзін-өзі   тану» тренингі  жүргізілді

Сұраныс   бойынша   мінез-құлқы  қиын    оқушыларымен   әңгімелер  өткізіліп,кеңестер  берілді

4-Психологиялық   кеңес   беру  және  ағарту   жұмыстары

Баланы   мектепке  даярлау  барысында   отбасы  мен  мектептің   бірлескен  жұмысы  туралы     ата-аналарға  психологиялық   кеңестер   берілді. 

Проблемасы   бар  әлеуметтік  жағдайы   төмен   оқушылардың   ата-аналарына   кеңес   берілді


Өзін-өзі бағалау тесті Айзенг

Мақсаты:  Оқушы бойындағы үрей мен қорқыныш деңгейін анықтау

                                Мониторингі

Р/С

Сыныбы

Үрейлілік 

Фрустрация 

Ызалану 

Сіреспелік 

1

5

3

5

4

2

2

6

3

2

4

1

3

7

5

2

1

1

4

8

2

3

2

1

5

9

3

1

2

1

6

10

1

2

2

2

7

11

2

1


1


Монитор бойынша   Айзенг тест қорытынды мониторы жақсы деңгей көрсетті.


5-Әдістемелік   жұмыстар

«Оқушылардың  оқуға   ынтасын  тәрбиелеу  жолдары   және оны  қалыптастырудағы  мұғалімнің   орны»

Әдістемелік   семинар   өткізілді

« Оқушылардың     шығармашылық    қабілеттерін  арттырудың   тиімді  жолдары»тақырыбында    семинар   сабақ өткізілді

« Ата-аналардың  психологиялық   педагогикалық  білімдерін  жетілдіру»   тақырыбында  баяндама  оқылды


Білім берудегі психологиялық дағдыларды қалыптастыруды білімдік орта құрумен қамтамасыз ету. Мұғалім өзінің кәсіптік деңгейін жоғары дәрежеге көтеру үшін өзіне-өзі сенімді болуы керек. Сыртқы ортадан ешқандай көмек күтпеуі керек. Өзінің болашағына мақсат қойып, оны орындау үшін өз білімін жетілдіру керек. Жеке басының кәсіптік деңгейіне өзіндік қорытынды жасап отырса, ерте ме, кеш пе өзі жеткен жетістіктері мен қиыншылықтарының негізінде мемлекетіміздің мұғалімдердің алға қойған талаптарын орындауда өзіне одан әрі талап қойып, өзін үлкен мақсаттарға жетелейді. Мұғалімнің өз мақсатына жету үшін әрине мектеп

психологы әсер етеді.

Психологтың жұмысы шығармашыл, қызықты және ең алдымен өз жұмысыңды, оқушыларды жақсы көру керек, оларға жылу және жақсылық беру керек. .

Психолог - өте  айқын жеке дара, қызықтыра білетін, өзін-өзі көрсетуге жол іздейтін тұлға болу керек. Сол кезде ғана оқушыларды, мұғалімдерді, ата-аналарды өзіне тарта біледі және де өз жұмысына қанағаттанады.


Жетістігім:       Аудандық «Әдістемелік сандықша» байқауынан  3 орын алуым.


SWOT - талдау 

S – күшті жақтары:  Ата – аналармен мектеп ұжымдарымен сұраныс бойынша жұмыстар атқарылып,  мұғаліммен ата – ана арасындағы жағымды атмосфера құруға   көмек көрсетіліп отырылды. Мектепте қиын оқушы аудан көлемінде тіркелмеген. (Әлімжеттік, зорлық-зомбылыққа байланысты, қыздар мен ұлдар жұмысы уақтылы жүргізіліп отырылады). Суицидтік әрекеттерді алдын алу мақсатында ДТІЖО мен біріге отырып осы бағытта жұмыстар бірлесіп атқарылды.  Жас өспірім қыздармен «Ерте жүктіліктің алдын алу»  атты семинар өткізілді. Қыздар  төрайымы, сынып жетекшілер және педагог-психологының қатысуымен өткізілді. 

W – әлсіз жақтары:  Ата – аналардың мектеппен қарым-қатынасының төмендігі. Ата-аналар  мектепке өткізілген іс-шарада толық келмеуі.Мектепішілік психологиялық тренигтер ұйымдастырғанда  ата – аналардың қатысуының қиындығы. Жаңадан келген оқушылардың  мектепке бейімделуі ,сабақ үлгерімінің нашарлығы. 

O – мүмкіндіктері:     Мектептегі психологиялық қызметті аудан, облыс көлемінде тәжірибе алмасып, тарату жұмыстары ұйымдастыру. ҰБТ – ға қатысатын оқушыларға  психологиялық қолдау көрсетіп, аудан көлемінде мектептің рейтінгісін көтеру. Психологиялық өз білімін жетілдіру.  

T – қауіптер: Жаңартылған білім беру мазмұны бойынша ата-аналардағы түсінбеушілік.

ҰБТ бойынша оқушылардың көрсеткішінің төмен деңгей көрсетуі. Оқушылардың интернетке тәуелділігі.  Ата-аналардың жұмыс бастылығына байланысты балалардың бос уақытының тиімсіз өтуі. Әлеуметтік желідегі әртүрлі мультфильм, видео мен ойындарды көріп,ойнау арқылы балалардың арессивтілігінің жоғарлауы.  


Педагог-психолог:                    Н.К.Мухаева