9 ақпан ақиық ақын М.Мақатаевтың туған күніне орай өткізілген іс шара
Жетісу облысы,Панфилов ауданы,Аққұдық ауылы Ш.Байбатшаев атындағы орта мектепте 9 ақпан ақиық ақын М.Мақатаевтың туған күніне орай 1-10-сынып оқушылары арасында «Жырлайды жүрек» атты көркем сөз байқауы болып өтті. Мақсаты: Қазақ поэзиясының мұзбалағы атанған ақынның өмірі, шығармашылығымен таныстыру, поэзия құдіретін таныту.Ақын шығармаларының идеялық-көркемдік мазмұнын ашу,өлеңді мәнерлеп жатқа оқуға дағдыландыру. Талантты тұлғаның қайталанбас қасиеттерін оқушылар арасында насихаттау,ақынның