"ҮЗДІК ЖАС МАМАН-2024"
Панфилов ауданы Ш.Байбатшаев атындағы орта мектепте жылдық жоспарға сай "ҮЗДІК ЖАС МАМАН-2024" байқауы өтті. Байқаудың мақсаты – жас мамандардың біліктілігі мен өз кәсібінің жан-жақты шебері екендігін сынау арқылы, оларды іскерлікке, өз кәсібіне үлкен жауапкершілікпен қарауға баулу. Сайысқа мектебіміздің 5 жас маманы қатысып, бақтарын сынады. Байқауға қатысқан жас мамандар төмендегі сынақтардан өтті: «Өзін-өзі таныстыру», «Ширату», «Көкпар», «Қатысушының өз өнері», «Педагогикалық